қазақша · русский · english
 
 
 
28.04.2018

Еркін микрофон: «Сегіз қырлы, бір сырлы мамандық иелері»


2018 жылдың 25-сәуір күні Онкүндік аясында Еркін микрофон: «Сегіз қырлы, бір сырлы мамандық иелері» шарасында Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығын бітірген, қазіргі таңда әр салада қызмет атқарып жүрген түлектермен кездесу өтті.


Кездесуді БОПӘ мамандығының бұрынғы түлегі Алмаш Тұралбаева жүргізді. Келген қонақтар осы мамандық бойынша білім алып жатқан болашақ студенттердің сұрақтарына жауап беріп, өз тәжірибелерін ортаға салды.


Қазіргі кезде білім алып жатқан кафедрамыздың студенттері, магистранттары, доктаранттары бұл ұстаздық жолды не үшін таңдағандықтары туралы өз ойларымен бөлісті.

 

БОПӘ мамандығының түлегі, белгілі тележүргізуші Ерғанат Көпжасаров кездесуде біздің кафедраның оқытушыларына алғыс білдірді. Осы білім ошағында алған білімі тележүргізушілік қызметінде көп көмектескендігін өзінің естелігінде арқау етті.


«Дарын» жекеменшік мектебінің директоры, доктарантымыз Раузия Измагулова жеке кәсіп ашудағы тәжірибесімен бөлісіп, студенттерге ақыл-кеңесін берді. Студенттер өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, кеш соңында қонақтармен естелік суретке түсті.

 

         

 

          




Кері оралу