қазақша · русский · english
 
 
 
14.02.2020

Поэтикалық сөз шебері Мұқағали Мақатаев


2020 жылдың 12 ақпанында Педагогика және психология институтының «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедрасында, «6В01201-«Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту» мамандығының 1 курс 2 топ студенттерінің қатысуымен, топ эдвайзері, аға оқытушы Абилбакиева Ғалияның ұйымдастыруымен «Жыр жүйрігі-Мұқағали Мақатаев» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өтті.


Іс-шараға «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту» және «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 1 және 2 курс студенттері қатысты.


Іс-шараның мақсаты: Қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған Мұқағали Мақатаевтың өмір жолы және шығармашылығымен таныстыру, поэзия құдыретін ақынның өлеңдері арқылы жеткізу.


Тәрбиелік іс-шараға студенттер белсенді қатысып, «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан көрініс қойып, шығармашылығынан сыр шертіп, өнерлерін ортаға салды және ақын өлеңдерін таныстыру арқылы студенттердің Отанға, тілге деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімдерін оята алды.


Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған іс-шараның қадірлі қонағы ретінде тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Идирисов Даулен, Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының меңгерушісі Қыяқбаева Ұлбосын және профессор Сейдахметов Бауыржан қатысып, сөз сөйледі.


Қорыта келе, іс-шара жоғары деңгейде өтті.

 

   

 

   




Кері оралу