қазақша · русский · english
 
 
 
02.05.2017

 

АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША КЕЛГЕН СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСУ

 

          Академиялық ұтқырлық - бұл білім алушылардың немесе оқытушы-зерттеушілердің білім алуға немесе зерттеу жүргізуге байланысты өз ЖОО-да кредиттік жүйеге негізделген білім беру бағдарламасының міндетті қайта сынақтан өту тәртібіне және ережеге сәйкес семестр немесе оқу жылына белгілі академиялық кезеңге өтуі.

     Осыған орай, 2017 жылдың 28-сәуір күні Педагогика және психология институты директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Т. Ақжолова мен ғылыми істер және халықаралық қатынастар жөніндегі орынбасары Э.Уайдуллақызы академиялық ұтқырлық бағдарламасымен келген студенттермен кездесті. Кездесу барысында студенттер өздеріне ерекше әсер еткен бірқатар оқытушылардың есімдерін ерекше ықыласпен атап өтті. Олар: Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының оқытушылары - Надирбекова Айша Ойыкпаевна, Сералиева Алия Мажитовна, Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының оқытушылары - Астамбаева Жұпат Қанапьяқызы, Жұмаш Жанар, Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының оқытушылары - Каримова Рәзия Елеупановна, Азимбаева Дариға Қуанқызы, Қияқбаева Ұлбосын Қозыбаевна, Төлегенова Фарида Ғалымжановна. Аталған оқытушылар жүргізген дәрістері барысында озық технологиялар мен жаңа әдіс-тәсілдер қолданатындықтарын да тілге тиек етіп өтті.  

      Сонымен қатар, академиялық ұтқырлық бағдарламасымен келген студенттер университетіміздің қоғамдық-мәдени өміріне де белесене араласқандықтарын айтып, алдағы уақыттарда университетаралық байланыстың нығаюы мақсатында, ұйымдастыратын олимпиадалар мен форум, конференцияларға қатысатындықтарын айтты.

 




Кері оралу