қазақша · русский · english
 
 
 
14.01.2020

«Менің болашағым: Мен кеше. Мен бүгін. Мен ертең»

шетелдік студенттер форумы

 

2020 жылдың 11 қаңтарда Абай атындағы ҚазҰПУ-да «Менің болашағым: Мен кеше. Мен бүгін. Мен ертең» шетелдік студенттер форумы өткізілді. Форумға Абай атындағы ҚазҰПУ (ҚХР), әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және ҚазҰАУ (Ауғанстан), Қарағанды медициналық университетінің (Үндістан) студенттері қатысты. Форум ұйымдастырушылары: Ресей білім академиясының ФМБҒМ «Психологиялық институты», Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Педагогика және психология институтының педагогика және психология кафедрасы, «International students` council office» Шетелдік білім алушыларды бейімдеу және қолдау орталығы.

 

Үш топтар бойынша студенттер орыс және қазақ тілінде «Мен кеше», «Мен бүгін», «Мен ертең» тақырыбында презентацияларын ұсынды. Баяндамалар, студенттердің көзқарастары, терең және маңызды сұрақтар мен жауаптар, аудиториядағы белсенді пікірталастар форум жұмысын жандандыра түсті. Барлық студенттер номинациялар бойынша командалық дипломдармен марапатталды. Оқытушылар форумға белсене қатысып, студенттер арасында өмір мәні көзқарас қалыптастыру және ұқсас ғылыми іс-шараларды өткізу қажеттілігін атап өтті.

 

   

 

   

 




Кері оралу