Біз туралы | ![]() Жанасылов Талгат Абилболатович
ҚЫСҚАША ӨМІРБАЯНЫ Жанасылов Талгат Абилболатович 1981 жылы Алматы облысы, Райымбек ауданы, Шалкөде ауылында дүниеге келген. 1988-1998 жылдар аралығында Шалкөде орта мектебін тамандаған. 2004-2009 жылдарда Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті көркем-сурет факультетінің «Сәндік қолданбалы қолөнер» мамандығын тамандап, 2011-2012 жылдар аралығында Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің магистратура және PhD докторантура институтының «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығын бітірген.
«Оқу процессінде болашақ қолөнер мамандарының кәсіби шеберлігін қалыптастырудың жолдары» атты тақырыбында ғылыми-зерттеу магистрлік диссертациялық жұмысын қорғаған.
2009 жылдың қыркүйек айынан бастап қазіргі уақытқа дейін аталмыш университетінің Өнер, мәдениет және спорт институтының «Дизайн» кафедрасында оқу шебері қызметінде жұмыс жасауда.
Талғат Абилболатұлы шәкірт тәрбиелеуден бөлек, ұстаздық жолды қатар алып жүр. Өнер жолындағы негізі мақсаты шәкірттерін кәсіби деңгейге жеткізу мен қатар дәстүрлі аспап жасау технологиясын өскелен жастарға дәріптеп, домбыраның заманауи үлгілерін жаңғырту.
БІЛІМІ
ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ
ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ Ағашты көркемдеп өңдеу; Композиция.
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ 1. «Дарынды ұстаз» төсбелгісімен марапатталған. (Куәлік №2218, 30.08.2021 ж.) 2. «Қоғам қайраткері» төсбелгісімен марапатталған. (Куәлік № 0016, 02.09.2021 ж. №178 бұйрық) 3. «Қазақ мәдениетінің қайраткері» (Куәлік № М-153, 13 қараша 2020 ж.) 4. Ықылас атындағы Халық Музыкалық аспаптар музейінің ұйымдастыруымен «Аңыз домбыра» домбыра аспабын жасау шеберлердің II - Республикалық байқау бәйгесіне қатысып, Үздік шеберлік көрсеткені үшін дипломмен маратпатталған. - Алматы, 2018 ж. 5. Ықылас атындағы Халық Музыкалық аспаптар музейінің ұйымдастыруымен «Аңыз домбыра» домбыра аспабын жасау шеберлердің I - Республикалық байқау бәйгесіне қатысып, Үздік шеберлік көрсеткені үшін дипломмен маратпатталған. - Алматы, 2016 ж. 6. Қ.Р-сы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Атырау облысы әкімдігі «Иман» Республикалық қорының ұйымдастыруымен Ұлттық күй өнерінің классигі Қ.Сарыбайұлының 190 жылдық мерейтойына арналған домбыра жасаушы шеберлердің VIII Республикалық «ҮКІЛІ ДОМБЫРА» байқау бәйгесінің дипломанты атанды. - Атырау, 2013 ж. 7. «Адамның рухани қазынасы» атты Халықаралық қолданбалы қолөнер мен Ұлттық фольклор фестивалінде дипломант атанды. Түрменістан (Ашхабат), сәуір 21-23 аралығы, 2010 ж. 8. XII Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалі аясында өткізілген байқауда «Бейнелеу өнері» наминациясы бойынша лауриат атанған. 2 дәрежелі дипломмен марапатталды. - Астана, 2009 ж. 9. «Иман» Республикалық қоры Астана қаласының 10- жылдық мерейтойына арналған Қазақтың ұлттық саз аспабы домбыра жасаушы шеберлердің VII- Республикалық «ҮКІЛІ ДОМБЫРА» байқау бәйгесінің Ө.Жәнібеков атындағы III- орые жүлдегері атанды. - Астана, 2008 ж.
← Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|