қазақша · русский · english
 
 
 
 Берикханова Айман Еженхановна
Ғылыми жобаның жетекшісі ИРН АР14872311
Абай атындағы Қазақ ҰПУ профессор-зерттеушісі, п.ғ.к., доцент
Қазыбек би көшесі, 30
 +7 707 462 09 15
brr.aiman@gmail.com

 

Педагогикалық инновациялар және Action Research орталығына қош келдіңіз!


Педагогикалық инновациялар және Action Research орталығы - бұл педагогикалық білім берудің сапасын арттыруға және педагогтердің кәсіби дамуына ықпал ететін зерттеулер, тәжірибе алмасу және бірлескен шешімдерді іздеу алаңы.

 

Миссиямыз:
Білім беру инновацияларын зерттеу және интеграциялау арқылы кәсіби тәжірибені өзгерту және дамыту, зерттеуші-оқытушыларды біріктіру, ғылыми деректер мен практикалық тәжірибеге негізделген озық әдістерді әзірлеу және енгізу.

 

Мақсатымыз:
Әлемдік инновациялық трендтер мен технологияларды зерттеу және оларды ЖОО-ның білім беру үдерісіне тиімді енгізу механизмдерін әзірлеу. Бұл болашақ педагогтерді даярлау сапасын арттыруға және практикалық зерттеулер негізінде оқытуды жақсартуға бағытталған.

 

Міндеттеріміз:
1.Университеттің білім беру үдерісін жетілдіруге және оқыту сапасын арттыруға бағытталған педагогикалық зерттеулерге арналған ғылыми-әдістемелік база әзірлеу.
2.Орталық базасында инновациялық педагогикалық технологиялар репозиторийін құру және оларды оқу үдерісіне енгізудің қадамдық алгоритмін дайындау.
3.Профессор-оқытушылар құрамының (ПОҚ) инновациялық технологияларды меңгеру деңгейін және олардың кәсіби тәжірибеге табысты интеграциялануын талдау.
4.ЖОО оқытушылары үшін инновациялық білім беру технологияларын оқыту бағдарламаларын әзірлеу және Action Research (Іс-әрекеттегі зерттеу) негізінде тренингтер мен коучингтер өткізу.
5. Білім беру тәжірибесіне инновацияларды енгізу бойынша ПОҚ-ны әдістемелік қолдау жүйесін әзірлеу және оның нәтижелерінің тұрақтылығын қамтамасыз ету.
6.ПОҚ-ны инновациялық қызметке ынталандыру механизмдерін әзірлеу және олардың бағалау жүйесі мен критерийлерін жасау.
7.Педагогтердің инновациялық және зерттеу қызметін бағалау бойынша сарапшыларды даярлау бағдарламасын әзірлеу.

 

Педагогикалық технологиялар репозиториі
Бұл бөлімде тиімді педагогикалық технологиялар мен әдістер, инновациялық тәсілдер және сәтті тәжірибелер жинақталған.
• Заманауи білім беру технологиялары
• Зерттеу жобалары
• Практикалық ұсыныстар

Пайдалы ресурстар
Сіз үшін пайдалы материалдар топтамасын дайындадық:
• Құнды кітаптар мен ғылыми мақалалар
• Пайдалы сілтемелер
• Action Research табысты тәжірибелерінің видеотекасы
• Action Research табысты тәжірибелерінің бейнепрезентациялары
• Вебинарлар мен семинарлардың бейнежазбалары

 

Біздің курстар

 

Кәсіби даму курстары:
- трансформациялық көшбасшылық;
- тиімді коммуникация;
- эмоционалдық интеллект;
- сыни ойлау;
- креативті ойлау;
- Action Research;
- Lesson Study;
- Оқу үшін бағалау және т.б.


Онлайн курстар мен біліктілікті арттыру бағдарламалары

Хабарландырулар
Жаңалықтар мен іс-шараларды бақылаңыз:
Маңызды жаңалықтар
Конференциялар, форумдар, семинарлар, вебинарлар
Байқаулар

Байланыс


Кез келген сұрақ бойынша бізбен хабарласыңыз:
Электрондық пошта: abaiu.unesco@abaiuniversity.edu.kz
abaiu.cpi@abaiuniversity.edu.kz


Орталық жетекшісі: 8707 462 09 15
Жетекші ғылыми қызметкер: 8777 413 87 34
Мекенжай: 519-кабинет, Достық көшесі 13, Алматы қаласы

Classroom: https://classroom.google.com/u/0/c/NjYxNTQ0Njk4MTA1?hl=ru

Social media:

YouTube channel «Action Research Laboratory»: https://www.youtube.com/channel/UCc3L94PveDS9y9GCnZuM8yg

Facebook: https://www.facebook.com/profile.php?id=100004459518284&locale=ru_RU

Instagram channel «action_research_laboratory»: https://www.instagram.com/action_research_laboratory/?img_index=1