қазақша · русский · english
 
 
 
 Шаһарман Гүлжиһан Пішенбайқызы
Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі
Филология ғылымдарының кандидаты, доцент, қауымдастырылған профессор
Достық даңғылы, 13
 8-701-610-75-93
shaharman-gp@mail.ru


Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедралары - бұл этносаралық келісімді, мәдениетаралық диалог пен Қазақстан халқының ары қарай бірігуін сақтаудағы жоғары ғылыми әлеуетке ие, келешегі зор құрылым. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы 2018 жылғы 23 мамырда ашылды. Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің өзара түсіністігі мен ынтымақтастығы туралы Меморандумға қол қойылды. Қол қойған тұлғалар: ҚХА кафедралар Ассоциациясының төрағасы, професссор А.А. Башмаков және Абай атындағы ҚазҰПУ-дың бұрынғы ректоры, профессор Т.О. Балықбаев. Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының құрылымы университеттің штаттық кестесімен анықталып, жұмысы ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес жүргізіледі. Кафедра меңгерушісі Г.П.Шаһарман. Ассамблея кафедрасы университеттің құрылымдық бөлімшесі ретінде Тәрбие жұмысы және әлеуметтік даму проректорының қарауында жұмыс атқарады. Кафедраның материалдық базасы жоғары деңгейде. Кабинетке күрделі жөндеу жасалған. Кафедраның саяси мазмұны ескеріле отырып, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттермен қамтылған.

 

Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының негізгі мақсаты - қоғамның одан ары бірігуі, этноконфессионалдық қатынастарды үйлестіру, этносаралық келісімді нығайту; этносаяси бағыттағы оқу-тәрбие және ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіру; қоғамдық келісімнің қазақстандық моделін насихаттаудың бірыңғай әдіснамалық және практикалық жолдарын ұсыну бағытында күш жұмылдыру.

 

ҚХА кафедрасының қызметі мен міндеттері:

-Этносаралық, мәдениетаралық келісімдерді нығайту;
- Қоғамды тұтастырушы фактор - мемлекеттік тілді меңгертудің жолдарын зерттеу;
- Этносаяси бағыттағы оқу-тәрбие және ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіру;
- Қоғамда пайда болатын әлеуметтік қайшылықтарды шешу үшін ымыраға келу жолдарын қарастыру;
- Толеранттылықты ұстану;
- Арнайы курстарды оқу поцесіне енгізу туралы әдістемелік ұсыныстарды әзірлеу;
- Этномәдени, этносаяси саланы зерттеу;
- Студенттердің «Бірлік» ассамблеясына жетекшілік жасау.

ҚХА кафедрасының негізгі бағыттары:

- оқу-әдістемелік
- зерттеу
- әлеуметтік және тәрбиелік
- сараптамалық
- университетте этносаяси мәселелерді жүзеге асыру барысында оларды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарымен қамтамасыз ету.

 

Уәкілетті органдармен байланыс. Ассамблея кафедралары Ассоциациясымен, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтымен, этномәдени бірлестіктермен жүйелі түрде, тұрақты жұмыс жүргізіледі. Қазіргі пандемия жағдайында онлайн форматында жұмыс жалғасуда. Ассамблея кафедрасы базасында Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерінің қонақтық дәрістері оқытылады.

 

Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы Абай атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университетінің барлық құрылымдық бөлімшелерімен бірлікте қызмет етеді. Сонымен қатар Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясымен, Ассамблея кафедраларының Ассоциациясымен, Алматы облысы Қазақстан халықтары ассамблеясының Кеңсесімен әріптестік қатынаста жұмыс істейді.

 

«Бірлік» студенттер ассамблеясымен бірлесе атқарылған шаралар


Біздің университетіміздің студенттері қатарында 22 астам ұлт өкілдері білім алады, олардың әрқайсысы жастар ұйымын құруда, Қазақстан халықтарының облыстық ассамблеясындағы мәдениетаралық бірлестіктерінде белсенділік танытып келеді. Мемлекеттің ұлттық саясатының басты бағыттар мен басымдылықтарын жүзеге асыруда университет еліміз егемендік алған күннен бері аймағымыздағы ұлтаралық және ұлысаралық келісімді нығайту ісіне белсене ат салысып келе жатыр. Биыл 2020 жылдың 4 ақпан айында Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы және Студенттік «Бірлік» Ассамблеясының ұйымдастыруымен ғұлама, ойшыл Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған «Абайдың қара сөздері - халық мұрасы» тақырыбындағы әдеби - танымдық кеш өткізілді. Бұл шараға университеттің «Бірлік» Ассамблеясы құрамындағы студенттері қатысып, Хакім Абайдың қара сөздерін мәнерлеп айтып, ақынның терең философиялық ой-тұжырымдарын өз түсініктері бойынша ортаға салды. Іс-шараның араның мақсаты: Абайдың қара сөздері бойынша студенттердің пайым-түсініктерімен ой бөлісу.


Біз туралы ақпарат: Абай атындағы ҚазҰПУ ресми сайтында, instagram - @kaznpu__birlik

 

Кафедра туралы ереже
Жылдық жоспар 
(2021-2022)

Жылдық жоспар (2020-2021)
Жылдық есеп 
(2021-2022)

Жылдық есеп (2020-2021)

Жылдық есеп (2019-2020)

 

764