қазақша · русский · english
 
Университет құрылымы
 
 
 Имансыдыкова Нургуль Жайлауқызы
Ғылыми кітапхананың директоры

Төле би 86, 2-қабат
 8(727)- 261-22-43, 8(775)- 230-77-37
biblioteka_kom@mail.ru

 

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің ғылыми кітапханасының іргетасы 1928 ж. жоғары оқу орнымен бірге қаланған. Қазіргі таңда еліміздегі аса ірі жоғары оқуорындары кітапханаларының бірі болып саналады және университтегі оқу мен ғылыми үрдістерді қажеттіәдебиеттермен және ақпараттық ресурстармен қамтамасыз ететін университет құрылымының жетекші бөлімі.


Ғылыми кітапхананың кітап қоры 1 800 000 данаға жуық. Мұнда әр ғылым саласы бойынша оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар, ғылыми әдебиеттер, мерзімді басылымдар және көркем әдебиеттердің тамаша үлгілері жинақталған. Сонымен қатар кітапханада XVIII- XX ғғ. басында жарық көрген әр тілдердегі сирек басылымдар мен әлемдік көркем әдебиеттің бай қоры жинақталған.


Кітапхана пайдаланушыларына 3 абонементте және 7 оқу залында қызмет көрсетеді.


Пайдаланушыларға электрондық кітапханаға қолжетімділік ұсынылуда, мұнда толық мәтіндегі оқулықтар мен оқу құралдары, білімге қажетті оқу-әдістемелік кешендер (БҚОӘК), авторефераттар және диссертациялар, мерзімді басылымдардағы мақалалар бар. Пайдаланушыларға электрондық пошта арқылы ҚЭЖ (құжатты электрондық жеткізу) қызметі де ұсынылуда.


Ғылыми кітапхана оқырмандары Internet жаһандық ақпараттық желісін, сыртқы электронды ресурстарды: ҚҰЭК (Қазақстандық ұлттық электрондық кітапхана), Эпиграф, Лантар-Трейд, ЖООЭК (Республикалық жоғары оқу орындарыаралық электрондық кітапхана), сонымен қатар танымал шетелдік Томсон, Шпрингер, Elsevier, Scopus, Oxford, Willey және ресейлік «Лань», АйПиЭр букс, ПолПред электронды-кітапханалық жүйесінің мәліметтер қорын пайдалана алады.

 

Мекен жайымыз: Төле би 86, 2-қабат.
Байланыс телефондар: 8 727 2 61 22 43, 8 727 2 72 81 97.
E-mail: library.kaznpu.kz., biblioteka_kom@mail.ru   
Оқу залдарының мекенжайы: Достық 13, 4-қабат, 414 каб. Қазыбек би 30, 3-қабат. Қазыбек би 28, 1-қабат, 26каб. Жамбыл 25, 1-қабат, 6 каб. Жамбыл 25, 3-қабат, 301каб.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ Ғылыми кітапханасының сайты