Институционалдық тиімділік кеңсесі |
Институционалдық тиімділік кеңсесі (Кеңсе) - Абай университетінің білім беру сапасы саласындағы институционалдық зерттеулермен айналысатын жаңа құрылымдық бөлімшесі.
Институционалдық зерттеулер (Institutional research) салыстырмалы деректерге негізделген әлемнің көптеген елдерінің жоғары оқу орындарында кең таралған басқару жүйесінің элементтерінің бірі болып табылады. Бұл университет ішінде және одан тыс жерлерден алынған деректерді салыстыру және басқару саясатын жоспарлау мен әзірлеуді ақпараттық қолдауға бағытталған шешімдер қабылдау мақсатында жүргізетін деректерді жинау мен талдаудан тұрады.
Кеңсенің негізгі мақсаты - тұрақты мониторинг, талдау және тиімділікті бағалау негізінде білім беру қызметтерінің сапасын арттыру, сондай-ақ университеттің негізгі бөлімшелері қызметінің басқару жүйесі мен нәтижелілігін жақсарту.
Кеңсе аккредиттеуді, ұлттық рейтингтерді жүргізуге, білім беру қызметтерінің сапасын және жекелеген бөлімшелер жұмысының тиімділігін әлеуметтік сауалнамалар мен тұрақты мониторинг жүргізу арқылы бағалауға жауап береді, оның қорытындысы бойынша Кеңсе жалпы университеттің қызметін жақсарту жөнінде ұсынымдар береді.
![]() |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|