қазақша · русский · english
   
Оқу -әдістемелік қызмет

 

 

6М020600-Дінтану мамандығының Элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы

6M020100 - Философия мамандығының Элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы

6М050100-Әлеуметтану мамандығының Элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы

6М020400- Мәдениеттану мамандығының Элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы

6М050200-Саясаттану мамандығының Элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы

6D020100 - Философиямамандығының Элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы

6D050100 - Әлеуметтану мамандығының Элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы

 


6М020600-Дінтану мамандығының Элективті пәндер каталогы 2016-2017 оқу жылы

6М050100-Әлеуметтану мамандығының Элективті пәндер каталогы 2016-2017 оқу жылы

6М020400- Мәдениеттану мамандығының Элективті пәндер каталогы 2016-2017 оқу жылы

6M020100 - Философия мамандығының Элективті пәндер каталогы 2016-2017 оқу жылы

6D020100 - Философия мамандығының Элективті пәндер каталогы 2016-2017 оқу жылы

6D050200-Саясаттану мамандығының Элективті пәндер каталогы 2016-2017 оқу жылы


6М020600-Дінтану мамандығының Элективті пәндер каталогы 2015-2016 оқу жылы

6М050100-Әлеуметтану мамандығының Элективті пәндер каталогы 2015-2016 оқу жылы

6M020100 - Философия мамандығының Элективті пәндер каталогы 2015-2016 оқу жылы

6D050200-Саясаттану мамандығының Элективті пәндер каталогы 2016-2017 оқу жылы

 

 

Саясаттану және әлеуметтік философиялық пәндер кафедрасының оқу-әдістемелік жұмысының негізгі элементтері мынадай:
• Әр жылғы қабылдау бойынша кафедрада мамандықтардың Модульдік білім бағдарламаларын жасау;
• Кафедра мамандықтары бойынша элективті пәндер каталогтарын Модульдік білім бағдарламалары негізінде жасау;
• Оқу жылының басында мамандық пәндері бойынша Оқу жұмыс жоспарын дайындау;
• Магистранттар мен докторанттарды мамандық пәндері бойынша силлабустармен қамтамасыз ету;
• Мамандық пәндерінің Оқу-әдістемелік кешенін жасау;
• Оқыту сапасына, ашық сабақ кестесінің орындалуына, өзара сабаққа қатысу және оқу мен оқытуда инновациялық әдістерді қолданудың тиімділігіне кафедраішілік бақылау жасау;
• Докторанттар мен магистранттардың диссертациялық зерттеу жұмыстарының орындалуына бақылау жасау;
• Кафедраның оқу-әдістемелік бюросының теориялық семинарының мәжілістерінде магистерлік және докторлық диссертацияларды талқылау;
• Кафедраның оқу жылында даярлаған оқу-әдістемелік еңбектеріне ішкі сараптама;
• Кафедраның оқу-әдістемелік кешендерін университеттің «Платонус» порталы мен университет кітапханасының электронды қорына орналастыру;
• Кафедраның оқу-әдістемелік бюросының төрағасы, социология ғылымдарының докторы, профессор Т.Ж.Қалдыбаеваның жетекшілігімен, оның қатысуымен жүзеге асырылатын факультеттің және университеттің оқу-әдістемелік жұмысына және басқа да жұмыстарға қатысу.

 

Кафедра Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің магистратура және PhD докторанатура институтының оқу және ұйымдастыру құрылымы ретінде 2009 жылдан бері жұмысын атқаруда. 2014-2015 оқу жылында институттың таралуына байланысты қазіргі уақытта Тарихжәне құқық факультетінің құрылымына өтті.
Кафедра меңгерушісі - тәжірибелі ұйымдастырушы, жоғарыбілікті ғалым, жас ғалымдардың ұстазы және педагог Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі, философия ғылымдары докторы, профессор Раушанбек Борамбаевич Әбсаттаров.Кафедра PhD докторанттарды 3, магистранттарды 4 мамандықтар бойынша даярлайды.
Кафедрада Франция мемлекеттік университетінің Саясаттану және социология кафедрасы -Лион-2, Ресей Федерациясының Халықтар достығы университеті, Турция Республикасының Стамбул университеті, Ұлыбританияның Лондон университеті, Оңтүстік Кореяның Чоннам университеттері, Киев және Белорусь мемлекеттік университеттерімен, Германияның Бундесфера Академиясымен, Испанияның Гранада университетімен, т.б. оқу орындарымен ғылыми-шығармашылық байланыс орнатқан.
Кафедраның ғылыми мектептері бағыттары бойынша мақсатты республикалық және халықаралық ғылыми-практикалық іс-шаралар өткізіліп тұрады. Соның қатарында Абай атындағы ҚазҰПУ мен Анкара (Турция) университеті бірлесіп өткізген Екінші «БІЛІМ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ» Халықаралық симпозиумы, 16-17 мамыр 2013 ж., «Кедендік саясат және ұлттық кауіпсіздік», Халықаралық конференциясы, 25-26 сәуір 2014 ж., «Инновациялық ойшыл мамандарды кәсіби даярлау тұрғысындағы Қазақстан Республикасының стратегиясы» Республикалық конференциясы, 26-наурыз 2013ж, бар. Бұл ғылыми шаралар Доган Исмаил (социология докторы, профессор, Анкара университеті социология кафедрасының меңгерушісі), А.И.Куропятник, социология ғылымдары докторы, профессор, Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің социология және әлеуметтік антропология кафедрасының меңгерушісі, Тюфекчиоглу Хаяти, социология докторы, Стамбул университетінің профессоры, М.Х. Ганиева, социология ғылымдары докторы, Мирзо Улугбек атындағы Өзбекстан мемлекеттік университетінің профессоры, Иоганн Рау, философия ғылымдары докторы, Германияның Бундесфер Академиясының профессоры сиқты белгілі ғалымдардың қатынасуымен өтті. ҚР ҰҒА ғалымдарының, Алматы қаласы Әкімшілігінің ішкі саясат департаменті мамандарының қатынасуымен Дінге байланысты қоғамдық мәселелер талқыланған «Дөңгелек стол» өткізілді, Араб елдерінің елшілерімен қызықты кездесулер магистранттар үшін жаңа кеңістіктер ашты деуге болады. Қонақтар магистранттарды араб елдерінің ішкі және сыртқы саясатымен және мемлекетаралық қатынастардың болшағымен таныстырды.
Кафедраның алдыңғы қатардағы ғалымдары шетелдік жоғары оқу орындары мен ұйымдарына лекция оқуға және ғылым мен практиканың өзекті мәселелері бойынша ой бөлісуге шақырылып тұрады. Тек 2014, 2015 жылдары Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі, философия ғылымдары докторы, профессор Р.Б. Әбсаттаров Чоннам ұлттық университетінде (Оңтүстік Корея) лекция оқып қайтса, философия ғылымдары докторы, профессор, дінтанушы А.И.Артемьев Еуропа, Африка, Латын Америкасы мұсылмандарының Ұлыбританияның Лондон қаласында өткен Съезіне қатынасып, 33 мың адам алдында сөз сөйледі (2014 жылдың тамыз айының аяғы-қырқүйек айының басы). Профессор сөзі «Thereviewofreligions»- October, 2014 журналында жарияланған; Краковта (Польша) «Діни ұйымдардың қызметінің құқықтық аспектілері» атты тақырыбында Бригама Янга атындағы (Прово, Юта, США) Халықаралық құқық орталығы мен дінтану университеті, Ягеллонск дінтану институты (Польша) ұйымдастырған халықаралық конференциясына және Балтия елдері мен Киев (Украина), Москва (Россия) ұйымдастырған діннің теориялық және практикалық мәселелеріне арналған халықаралық конференцияға қатынасты; Индияның Кадиан қаласында 12700 адам қатынасқан Джалсе жиынына қатынасып, сөз сөйледі; Индия сикхыларының Алтын храмында болып, сикх сенімшілерінің культтық тәжірибелерін зерттеді; Индиялық бахаи діні сенімшілерінің Делидегі Лотос - Бас Храмында болып, осы дінге сенушілерімен мазмұнды әңгіме жасады(2014, желтоқсан айының аяғы- 2015, қаңтар айының басы).
Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасында жетекші ғалымдардың ғылыми мектептері негізделіп қалыптасқан және магистранттар мен докторанттардың қатынасуымен әрі қарай дамытылуда. Олар: «Этносаясаттану және этноәлеуметтану: теориялық-методологиялық аспектілер» (Р.Б.Әбсаттаров); «Білім социологиясы» және «Әлеуметтік аудит» (Т.Ж.Қалдыбаева); «Кедендік саясат» (Шалтыков А.И.); «Дінтану: теориялық аспектілері мен ғылыми-практикалық проблемалары» (Артемьев А.И.).
Кафедра мамандықтарының Модульдік білім бағдарламалары мен таңдау пәндері каталогіне ғылыми мектептер бағыттары мен проблематикасына сай пәндер енгізіледі. Докторлық және магистерлік диссертациялар тақырыптарын анықтап бекіту барысында да ғылыми мектептер мен кафедралық зерттеулер бағыттары ескеріледі.
Докторанттар мен магистранттардың ғылыми мақалалары басқа басылымдар мен қатар Абай атындағы ҚазҰПУдің Хабаршысының «Социологиялық және саяси ғылымдар» сериясында жарияланып тұрады. Бұл «Хабаршы» сериясы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым Комитетінің жарлығы бойынша диссертациялық жұмыстар нәтижелерін жариялайтын арнайы тізімге енген басылым. «Хабаршы./Вестник журналының бас редакторы ҰлттықҒылымАкадемиясының корреспондент-мүшесі, философия ғылымдарының докторы, профессор Р.Б. Әбсаттаров.
Кафедра өңірлік жоғары оқу орындарына магистранттар мен PhD докторнаттарды даярлауға қолдау жасап келеді. Басты назарда оқушылардың білім сапасы мен ғылыми шығармашылық қызметі. Ғылыми-педагогикалық кәсіби даярлықтың маңызды кезеңі -зерттеу практикасы. Зерттеу практикасы профильдік ғылыми - зерттеу институттарында, соның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым Академиясының Философия, саясаттану және дінтану институтында өткізілуде.
Кафедра жоғары білікті кадрлар мен қамтамасыз етілген. Кафедраның профессор-оқытушылар құрамының 70 пайызығылымдокторлары, профессорлар. Тек соңғы 5 жылда кафедра оқытушылары20 монография, 10 оқулық пен оқуқұралдары, 1000-нан асағылымижәнеғылыми-публистикалықмақалаларжариялады. Оның 200-шетелдерде жарық көрген. Жыл сайыншет ел университеттерінің білікті ғалымдары лекциялар өткізуге шақырылып тұрады.
Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасы статусын алғалы бері жұмыс барысы тек қана практикалық түрде ғана емес, сондай-ақ, ғылыми-теориялық бағытты да қатаң ұстанады. Кафедра саясаты оқу процесінде қашықтықтан оқыту, дөңгелек үстел, кейстер, пресс-конференциялар, электрондық кітапхана жүйесімен жұмыс жасай білу секілді интерактивті әдіс-тәсілдерді оқу процесінде педагогтың модератор деңгейінде қалыптасуына ықпал жасайды.
«Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер» кафедрасында 2017-2018 оқу жылынан бастап кафедра меңгерушісі ф.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корр.-мүшесі Әбсаттаров Р.Б. жетекшілігімен (ай сайын белгілі бір кестеге сәйкес) ғылыми семинар (жауапты ф.ғ.д., профессор Артемьев А.И.) және 5 мастер-класс өткізіледі. Оқу жылының басынан желтоқсан айына дейін 5 ғылыми семинар өткізілді. Семинардың үздік нәтижелері оқу процесінде қолданылады.
• Сыртқы ғылыми ұйымдардың жетекші отандық және шетелдік зерттеушілерінің дәрістер курсын өткізу;
• Сыртқы ғылыми ұйымдардың ғылыми іс-шараларына кафедра оқытушыларының қатысуына мүмкіндік жасау.
Кафедраның оқытушы-профессорлар құрамы ғылыми-теориялық конференциялар форматында сыртқы ғылыми ұйымдардың ғылыми іс-шараларына, яғни, дөңгелек үстелдер, эксперттік ұйымдар жұмыстарына қатысады. 2017-2018 оқу жылында кафедраның оқытушы-профессорлар құрамы төменде көрсетілген ғылыми шараларға өз білімдерін көрсетуде мүмкіндік алды: мысалы, алыс шетелдерде Әбсаттаров Р.Б., Сейсен Н.Б. (Германия, Оңтүстік Корей), Қабаева Ж.А. (Германия), Әбсаттаров Г.Р. (Англия), Мадалиева Ж.К. (Чехия), жақын шетелдерде: Әбсаттаров Р.Б. (Ресей, Қырғыз Республикасы), Құсайынов Д.Ө. (Ресей), Рахимова Г.Д. (Ресей).
• Ғылым мен техника саласындағы жүлделерге жүгінетін ғылыми-техникалық жобаларды іріктеуде оқытушы-профессорлар құрамын сарапшы ретінде тарту
2017 ж. ф.ғ.д., профессор, ҚҰ ҰҒА корр.-мүшесі Әбсаттаров Р.Б. әлеуметтік ғылымдар саласындағы, атап айтқанда, мемлекеттік марапаттауды талап ететін іріктеу бойынша сарапшы ретінде қабылданды.
• Заманауи жабдықтармен қамтылу барысы;
Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасында арнайы жабдықталған аудитория жоқ. Оқытушылар жеке ноутбуктарымен жұмыс жасайды.

• Магистерлік диссертацияларға арналған диссертацияларды дайындауда сыртқы ғылыми ұйымдардың әлеуметін пайдалану;
Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасы магистрлік және докторлық диссертациялар дайындау барысында сыртқы ғылыми ұйымдардың әлеуетіне көп жүгінеді. Осыған орай, ҚР ҰҒА ҒК қарасты Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер институты, Абылай хан атындағы шетел тілдері университеті, Шетел тілдері іскерлік карьера университеттерімен тығыз ғылыми байланыс орнатқан.

 

Дайындағанф.ғ.к., аға оқытушы Рахимова Г.Д.

 

Кафедра орны: 050010, г.Алматы, улица Жамбыла, 25,
( Ш.Уалихановкөшесіқиылысы). Кабинеттер- 207, 206, 204.
Тел: 8 (727) 291 76 43.