қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Текесбаева Гульжан

Текесбаева Гульжан

 

Текесбаева Гульжан Молдакыновна - Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің қазақ тілі теориясы және әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымының магистрі.
Текесбаева Г.М. - 40-дан астам ғылыми еңбектердің авторы. Солардың ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Тіл комитетінің тапсырысы бойынша әзірленген «Тіл - құрал» атты қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу әдісімен бағалау емтиханына дайындық үшін оқу-әдістемелік құралдарының (қарапайым, базалық, орта, ортадан жоғары және жоғары деңгейлер бойынша), ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұсынысымен әзірленген «Әріптер сыры» (жұмыс дәптері), «Әріптер әлемі» (әдістемелік құрал), «Бояйық, жазайық» (жұмыс дәптері) мектепке дейінгі балаларға арналған оқу-әдістемелік құралдарының және ЖОО-ның студенттеріне арналған «Қазақ тілінен жаттығулар жинағы», «Когнитивтік лингвистика» оқу құралдарының авторы болып табылады.


← Кері оралу