қазақша · русский · english
 
Оқу -әдістемелік қызмет
 
 

 

2018/2019 оқу жылына арналған Элективті пәндер каталогы: 5В010300- Педагогика и психология

2018/2019 оқу жылына арналған Элективті пәндер каталогы: 6М010300- Педагогика и психология

2018/2019 оқу жылына арналған Элективті пәндер каталогы: 6D010300- Педагогика и психология

 

2017/2018 оқу жылына арналған Элективті пәндер каталогы: 5В010300- Педагогика және психология

2017/2018 оқу жылына арналған Элективті пәндер каталогы: 6М010300- Педагогика және психология

2017/2018 оқу жылына арналған Элективті пәндер каталогы: 6D010300- Педагогика және психология

2017/2018 оқу жылына арналған Элективті пәндер каталогы: 6М010300- Педагогика және психология мамандығы аясындағы "Білім берудегі менеджмент" тәжірибелік білім беру бағдарламасы

 

2016/2017 оқу жылына арналған Элективті пәндер каталогы: 5В010300- Педагогика и психология

2016/2017 оқу жылына арналған Элективті пәндер каталогы: 6D010300- Педагогика и психология


2015/2016 оқу жылына арналған Элективті пәндер каталогы: 5В010300- Педагогика и психология

2015/2016 оқу жылына арналған Элективті пәндер каталогы: 6М010300- Педагогика и психология

2015/2016 оқу жылына арналған Элективті пәндер каталогы: 6D010300- Педагогика и психология

     

Педагог-психолог - еңбек нарығында бірден-бір қажет мамандық, әр түрлі білім беру мекемелерінде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Педагог-психологтың кәсіби қызметі әртүрлі әлеуметтік салада оқыту мен жұмыс істеу барысында психологиялық қолдауға, оқушылардың, мұғалімдердің, ата-аналардың өмірлік іс-әрекетінде туындаған мәселе мен қиындықты анықтауға бағытталған.


Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде 1990 жылдан бастап «Педагогика және психология» мамандығы бойынша мамандарды даярлау қазақ және орыс тілдерінде, күндізгі және сырттай оқыту нысандарында, жоғары, кәсіби орта және орта білім беру негізінде жүзеге асырылады.


Педагогика және психология кафедрасы 2015 жылдан бастап бұл мамандық бойынша даярлайтын кафедра болып табылады. Кафедра, білім беру үрдісін психологиялық-педагогикалық қамтамасыздандыруға, білім алушылардың тұлғалық және әлеуметтік дамуына, тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға бағытталған, халықаралық талаптарға сәйкес бакалаврларды, педагогика ғылымдарының магистрлерін және PhD докторларын даярлайды.


Кафедра жұмысының стратегиялық бағыты оқу-әдістемелік жұмыс болып табылады, оның барысында жаңа оқу пәндерін және оқу процесін ұйымдастырудың формаларын әзірлеу; қажетті оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету; оқулықтар мен оқу құралдарын дайындау; оқу үрдісіне инновациялық технологияларды енгізу жүзеге асырылады.


Кафедра өзінің білім беру қызметінде маңызды нормативтік құжаттарды басшылыққа алады: Мемлекеттік білім беру стандарты (ҚР Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. Бакалавриат. Негізгі ережелер. (БЭК ҚР 5.04.019-2011, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 Қаулысымен бекітілген) және Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. Магистратура. Негізгі ережелер. (БЭК ҚР 5.04.033-2011, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 Қаулысымен бекітілген) мамандықтың біліктілік сипаттамасы, типтік оқу жоспары, оқу процесінің кестесі, пәннің оқу-әдістемелік кешені, пәннің силлабусы және басқа да құжаттары осы мамандық бойынша оқу қызметінің құзыреттілігін қамтамасыз етеді.


Кафедраның оқу-әдістемелік жұмысы мен құжаттамасы еңбек нарығының қажеттілігімен анықталған және үнемі жетілдірілуде. Мысалы, Білім беру Бағдарламасын әзірлеуге магистранттар, докторанттар мен жұмыс берушілер өкілдері - білім беру ұйымдарының және білім беруді басқару органдары тартылды.


Ал 2017/2018 оқу жылында кафедраның бастамасымен магистратурада «Білім берудегі менеджмент» атты жаңа мамандық ашылды және енгізілді.


Кафедра жұмыс берушілердің қажеттіліктеріне бағытталған бағдарламаны әзірлейді және жүзеге асырады. Білім беру сапасына тұтынушылардың негізгі талаптарын және еңбек нарығының өзгерісін үздіксіз қадағалауға мүмкіндік беретін механизмдерді жасайды.


Кафедраның білім беру қызметінің сапасы оның түлектерінің жұмыспен қамтылу деңгейімен бағаланады. Осыған байланысты кафедра жұмыс берушілермен тығыз ынтымақтастық орнатады. Жұмыс берушілердің өкілдері кафедра отырыстарына қатысады және білім беру бағдарламаларын, элективті курстарды талдау жүмыстарына қатысады. Мысалы, кафедра отырыстарында Алматы қаласының № 2 АМПК-нің директоры (Дуанабаева Б.Ш.), Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің (Жошибаева Г.С.), №132, №8, №12 және №12мектеп-гимназияларының директорлары және т.б. қатысады.


Оқу-әдістемелік жұмыс барысында студенттер, магистранттар мен кафедра докторанттары түрлі психологиялық-педагогикалық тәжірибеден өту әрекеттерін реттеу жүзеге асырылады. Тәжірибе кәсіби даярлықтың анықтауыш компоненті ретінде педагог-психологтың барлық қызметін қамтиды - диагностикалық, түзету, профилактикалық, ағартушылық, кеңес беру және ғылыми-зерттеулік қызметтер. Тәжірибеден өту барысында, болашақ педагог-психологтар мектеп психологы, педагогикалық колледж және жоғары оқу орындарындағы психологиялық-педагогикалық пәндер циклінің оқытушысы ретінде қалыптасады, ақыр аяғында, өзекті психологиялық-педагогикалық мәселелер бойынша зерттеулер жүргізеді. Осы мақсатта, Алматы қаласының түрлі мектептері, мектеп-гимназиялары, педагогикалық колледждермен шарт жасасып, қажетті әдістемелік құжаттамалар әзірленді.


Кафедраның оқу-әдістемелік жұмысының деңгейі оның оқытушы-профессорлар құрамының әлеуетімен анықталатынын есте сақтау қажет.


Кафедраның сапалы құрамы жетекші ғалымдардан, педагогика және психология саласындағы практиктерден құралады. Олардың ішінде:
- п.ғ.д, профессор А.Н. Кошербаева, Абай атындағы ҚазҰПУ-нің білім беру үрдісіне шетелдік (Испания, Ұлыбритания және т.б.) білім беру және оқыту тәжірибесін бейімдеу және біріктіру жұмыстарын жүзеге асырады;
- п.ғ.д, профессор Н.Н.Хан және Б.А.Тургунбаева - Қазақстандық іргелі педагогика ғылымының өкілдері;
- п.ғ.д, профессор К.Ж.Аганина педагогикалық менеджмент саласы бойынша жетекші маман болып табылады;
- психол.ғ.д, профессор Сангилбаев О.С., психол.ғ.к., доцент Сарсенбаева Л.О., п.ғ.к., доцент Абдуллаева Г.О. кафедрада болашақ педагог-психологтардың психологиялық және педагогикалық дайындығын жүзеге асырады;
- п.ғ.д, профессор У.М.Абдигапбарова және М.А.Абсатова, болашақ мамандардың қосарлы оқыту және құзыреттілік педагогика бойынша түсініктерін кеңейтеді.


Кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы педагог-психологтардың даярлық деңгейін арттыруда және оларды қажетті оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз ету үшін айтарлықтай күш жұмсайды.


Кафедрада кеңес беру, бағалау және ұсыныс жасау қызметтерін орындайтын ғылыми-әдістемелік кеңес жұмыс жасайды. Кеңес қызметі тұрғысынан түрлі монографиялар, оқулықтар, оқу құралдары, кафедраның ППҚ-ның әдістемелік нұсқаулары қарастырылды және жариялануға ұсынылды: Қазақстанда денсаулық сақтаушы білім беру - Монография (авт. Сангилбаев О.С.).-Алматы: «ROND & A» баспасы, 2016 - 188 бет;. ҚР БҒМ ұсынған Жоғары оқу орындарындағы менеджмент бойынша білім берудің ағылшын тіліндегі оқу құралы: Educational management: Textbook (А.Н.Кошербаева және т.б.) - Алматы, 2016 - 307 бет;. «Қазіргі заманғы психологиялық-педагогикалық білім беру: әдістеме, теория мен практика» халықаралық қатысуымен ұжымдық монография. - Алматы, 2018 және т.б.


Кафедрада тұрақты әдістемелік семинар жұмыс жасайды (жетекшісі, психология ғылымдарының кандидаты, профессор Л.О.Сарсенбаева), ол жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді дамыту мәселелері бойынша кафедраның өзекті оқу-әдістемелік және ғылыми аспектілерін шешуге бағытталған.


Сонымен, педагогика және психология кафедрасы инновациялық оқыту технологияларын қолдану саласы бойынша жетекші рөл атқарады. Мұғалімдер оқу барысында жобалау, топтық мозаика, кейс-стади, блок-сұлбаларды құрастыру әдістерін белсенді пайдаланады. Тәжірибеге барынша жақын болу мақсатында кейбір сабақтар мектептер мен колледждердің базасы негізінде жүргізіледі.


Кафедраның оқу-әдістемелік жұмысының беделділігі, негізділігі, тәжірибелік бағыттылығы және ғылымилығы Қазақстан Республикасында сұранысқа ие педагог-психологтың сапалы дайындығына жағдай жасайды.

 

 

1273
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler