қазақша · русский · english
 
 
 
 Каймулдинова Күләш Дүйсенбайқызы
Институт директоры
География ғ.д., профессор
Қазыбек би,30; №1корпус, 4 этаж, 414 кабинет
 +7 (727) 291-47-66
Kulash_kaymuldin@mail.ru

 Демеуова Лязат Нурмахановна
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
Педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
Қазыбек би көшесі, 30, 4 этаж, кабинет 414
 8-701-851-04-29
Laz.nr@mail.ru

 Жумагулова Калампыр Абжаппаровна
Директордың ғылыми істер және халықаралық қатынастар жөніндегі орынбасары
Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент
Қазыбек би көшесі, 30, 4 этаж, кабинет 418
 8-701-593-48-00
Darmik1996@mail.ru

 Манапов Нұрлан Турсымбекович
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Қазыбек би,30; №1 оқу ғимараты, 4 қабат, №419 кабинет
  +7 (727) 91 47 66 +7 7772934231
nurlanm66@mail.ru

 

 

Институт (факультет) тарихы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің алғашқы күнінен, яғни 1928 жылдан басталады. Осы жылдарда институтта алғашқы кафедралар (ботаника, химия, зоология) ашылды. Ал, 1933 жылы еліміздегі басқа жоғары оқу орындары арасында бірінші болып, география мамандығына алғашқы студенттер қабылданды. 1936 жылы бұл бөлім дербес факультет болып қайтақұрылды.


Бұдан кейін, 1955/1956 оқу жылы бұл екі факультет жаратылыстану - география факультетіне бірікті. 2014 жылы Болон декларациясына сәйкес, алдыңғы қатарлы инновациялық университеттер құрамына ену мақсатында Жаратылыстану және география институты болып қайта құрылды.


Бүгінгі таңда, жаратылыстану және география институтында мамандар даярлау оқытудың барлық формасы бойынша қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.Институтты елімізге және әлемгетанымал ғылым және білім беру ісінің белгілі қайраткерлері бітірген, олардың ішінде академиктер мен академияның корреспондент-мүшелері:Ә.С.Бейсенова, А.И.Сембаев, И.В. Северский, Б.А. Бірімжанов, Л.К.Клышов, А.Б.Бекенов, Р.Е.Елешов, Е.А.Мәмбетқазиев,М.К.Кукенов және басқалары бар.


Институт құрамында ҚР ҰҒА академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, г.ғ.д., профессор А.С. Бейсенова жетекшілік жасайтын география және экология ғылыми-әдістемелік орталығы жұмыс істейді. Ботаника және жалпы биология кафедрасында Қазақстандағы 4000-нан астам әртүрлі гүлді өсімдіктердің гербарий қоры жинақталған.


Қазіргі кезде институтта бірнеше жобалар мен ғылыми бағдарламалар жасалуда, оларға профессор-оқытушылар құрамының 75 пайызы және докторанттар мен магистранттар, студенттердің 25 пайызы қатысады.


Институттың материалдық-техникалық базасы қазіргі заман талабына сай жаңа ақпараттық құралдармен, компьютерлермен, интерактивті тақталармен қамтамасыз етілген. Мұның өзі оқу үдерісін және ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында болашақ мамандардың жан-жақты шығармашылық бағытта дамуларына мүмкіндік береді.


Бүгінгі таңда Жаратылыстану және география институтында күндізгі және сырттай бөлімдерде 950-ден астам студент, магистрант және докторанттароқиды және 104 профессор-оқытушы мен 23 оқу көмекші құрамы қызмет атқарады.Профессор-оқытушылық құрамның арасында ҚР Ұлттық ғылым академиясының 2 академигі, 12 ғылым докторы мен 58 ғылым кандидаты мен PhD докторлары бар. Институт оқытушылары арасында «ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегерлері, үздік оқу құралына арналған республикалық конкурстың жеңімпаздары, жалпы білім беретін мектептерге арналған химия және биология, география пәндеріненотандық жаңа буын оқулықтарының авторлық ұжымдары бар. Сонымен қатар, оқытушылар жыл сайын қалалық, облыстық және республикалық пән олимпиадаларын ұйымдастырып, өткізуге ат салысады, республикалық, Алматы қалалық және облыстық мұғалімдердің білімін жетілдіру институттарымен, Алматы қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектептерімен тығыз байланыста.


Институттың жетекші профессорлары мен доценттері және оқытушылары жаңа буын және жаңартылған білім беру мазмұндағы оқулықтар мен оқу құралдарының авторлары, оның ішінде монографиялар - 15, орта және жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар - 50, ағылшын тіліндегі оқулықтар- 8, оқу құралы- 20, электронды оқулық- 5, импакт-факторлы ғылыми журналдарға жарияланған мақалалар - 45, алыс және жақын шетелдегі журналдарда жарияланған мақалалар, ҚР ҒМБ БҒСБ-да жарияланған мақалалар, басқа ғылыми журналдарда жарияланған мақалалар саны 500-ден асады және 5 авторлық куәлігі бар.


Қазіргі таңда институтта белсенді түрде қос дипломды білім алу және академиялық ұтқырлық, ПОҚ біліктілік деңгейін көтеру жөнінде жұмыстар жүргізілуде. Институт кафедралары ҚР БҒМ жүйесінің жоғары оқу орындары және ғылыми-зерттеу мекемелерімен, ТМД елдері және алыс шетелдер (АҚШ, Ұлыбритания, Германия, РФ, Украина, Беларусь, Литва, Польша, ҚХР, Түркия және т.б.) университеттерімен тығыз байланыс орнатқан.


Институт ұжымының мамандар даярлаудағы қалыптасқан дәстүрі мен тәжірибесі мол, олар докторанттар,магистранттаржәне студенттерге жаратылыстану-география саласында терең білім береді. Қазіргі уақытта нарықтық экономика жағдайында зәру және бәсекеге қабілетті 22 мамандық және 2 бағыттық мамандандыру бойынша жоғары білікті мамандар даярлайды.6 мамандық халықаралық аккредитациядан (ASIIN, Германия) өткен. Ұлттық рейтингтерде институт мамандықтары алдыңғы орындарда тұр.


Қазір институт құрамында үш арнайы кафедра бар: Химия кафедрасы; биология кафедрасы; География, экология және туризм кафедрасы.


Кафедралардың материалдық базасы қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі оқулықтармен және оқу-әдістемелік қорымен жабдықталған. Теориялық білім дала, зоналық, педагогикалық практикалармен жалғасады.


Студенттердің, магистранттардың және докторанттардың тек оқуына ғана емес, ғылыми зерттеулермен шұғылдануына, спортпен айналысуына, театрларға баруына, треккингтер мен экскурсияларға шығуына, салауатты өмір салтын ұстануына барлық жағдай жасалған.

6117
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler