қазақша · русский · english
Біз туралы
Білім
  Ынтымақтастық
Институттар
  Ғылым
Даму
  Кітапхана
Студенттік өмір
  Түлек
Ресурстар
  Оқу порталы
Олимпиадалар
 
 
Талапкерлерге



Магистратура
және PhD

 
Абай атындағы ҚазҰПУ Ғылыми кеңесі

 

 

Университет Ғылыми кеңесі университет ректорының бұйрығымен құрылады.

Университет Ғылыми кеңесінің құрамына ректор, проректорлар, құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері, оқытушы-профессорлар құрамының, университеттің студенттік және қоғамдық ұйымдарының өкілдері кіре алады.

Ректор университет Ғылыми кеңесінің төрағасы болып табылады. Төраға төраға орынбасарын тағайындайды. Төраға болмаған жағдайда төраға орынбасары оның міндеттерін атқарады.

Университет Ғылыми кеңесінің құрамы университет ректорының бұйрығымен бекітіледі.

Университет Ғылыми кеңесінің жұмысын бас ғалым хатшы қамтамасыз етеді.

 

Университет Ғылыми кеңесі қызметінің мақсаттары:

  • университеттің әрі қарай дамуына ықпал ету;
  • қазіргі заманғы талаптарға сай келетін бәсекеге қабілетті мамандар даярлау мақсатында университет басшылығының, оның оқытушы-профессорлар құрамының, әкімшілік-басқару қызметкерлерінің, оқу-көмекші қызметкерлері мен қызмет көрсету қызметкерлерінің күш-жігерін біріктіру;
  • кәсіптік білім беру бағдарламалары мен университеттің даму стратегиясын табысты жүзеге асыру мақсатында университеттің білім алушылары мен оқытушы-профессорлар құрамы үшін қажетті жағдай жасау;
  • университеттің материалдық-техникалық базасын нығайту.

 

Университет Ғылыми кеңесінің құзіреті

  • университет құрылымын бекітеді;
  • университет Жарғысына толықтырулар мен өзгерістер енгізеді;
  • университеттің даму стратегиясы мен тұжырымдамасын анықтайды;
  • университет құрылымдық бөлімшелерін (зертхана, кафедра, инситут, факультет және т.б.) құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы ұсыныстар енгізеді;
  • университеттің оқу-тәрбие, ғылыми-зерттеу, халықаралық, қаржы, әкімшілік-шаруашылық қызметтерін ұйымдастырудың барлық негізгі мәселелері бойынша шешімдер қабылдайды;
  • университет ректорының, проректорларының, факультет декандарының, құрылымдық бөлімшелер жетекшілерінің жыл сайынғы оқу, ғылыми-зерттеу, тәрбие, халықаралық, ақпаратты, қаржы-шаруашылық пен әкімшілік қызмет формалары мен әдістері туралы есептерін тыңдайды:
  • университеттің қаржы-шаруашылық қызметін бақылауды ұйымдастырады;
  • бюджеттен тыс қаржыны қолдану тәртібін, сондай-ақ ақылы білім беру қызметін көрсету мен шығарылатын өнімді сату арқылы алынатын табыстарды қайта инвестициялау бағыттарын анықтайды;
  • жоғары кәсіптік білім берудің көпдеңгейлі жүйесі бойынша мамандар даярлаудың жаңа бағыттарын, оқыту мерзімдері мен формаларын анықтайды,
  • оқытудың барлық сапасы мен формаларының оқу жоспарларын бекітеді;
  • оқулықтар, оқу құралдары мен оқу-әдістемелік кешендерді шығаруды қарастырады және ұсыныс жасайды;
  • студенттерді ақылы бөлімнен білім беру грантына және экстернат формасында білім алуға ауыстыру туралы шешімдер қабылдайды;
  • ҚР Президенті бекіткен шәкіртақылар мен атаулы шәкіртақыларды тағайындау жөніндегі шешімдерді қабылдайды;
  • қауымдастырылған профессор (доцент) және профессор ғылыми атағын тағайындауға ұсынады;
  • университет қызметкерлері мен шығармашылық ұжымын мемлекеттік, үкіметтік сыйлықтарға, құрметті атақтарға ұсыну жөніндегі мәселелерді қарастырады;
  • алқалық шешімді қажет ететін университет қызметінің басқа да мәселелерін қарастырады.