қазақша · русский · english
Біз туралы
Білім
  Ынтымақтастық
Институттар
  Ғылым
Даму
  Кітапхана
Студенттік өмір
  Түлек
Ресурстар
  Оқу порталы
Олимпиадалар
 
 
Талапкерлерге



Магистратура
және PhD

 
Жазғы семестрді ұйымдастыру және өткізу

 

Жазғы семестр білім алушының қосымша оқу қажеттіліктерін қанағаттандыру ниетімен ұйымдастырылады. Жазғы семестрдің созылу уақыты (6 апта) оқу процесінің академиялық күнтізбесімен анықталады.

 

 Жазғы семестрге мына төмендегі білім алушы студенттер құқылы:

  • «жақсы» және «өте жақсы» оқу үлгерімімен (қосымша жеделдетілген оқыту үшін, соның ішінде басқа жоғары оқу орнынан келген білім алушыларға)
  • рейтинг-бақылау қорытындысы бойынша аралық аттестацияға жіберілмеген білім алушылар;
  • өткен академиялық периодтарда академиялық қарызы бар студенттер;
  • курстың оқу бағдарламасын толық орындағандар, бірақ минималды өту балын жинай алмағандар жеке пәндерді қайта оқу есебінен GPA -ны (үлгерімнің орташа балы) жоғарылату мақсатында (мемлекеттік емтихан тапсырылатын Қазақстан тарихы пәнінен басқа пәндерді);
  • Академиялық демалыстан келгенде және оқуға қайта қабылданғандағы академиялық айырмашылықтары бар білім алушылар.
  • Білім алушылар жазғы сессия аяқталғаннан соң тіркеу бөліміне жазғы семестрге қатысатындығы жайлы өтініш жазады.
  • Білім алушы 12 кредитке дейін тіркелуге құқылы.
  • Білім алушы жазғы семестрдегі білім қызметтеріне төлемқаы жасағаннан кейін тіркеу бөлімі жазғы семестрдің сабақ кестесін құрады. 
  • Сабақ кестесі оқу ісі жөніндегі проректормен бекітіледі.

 Жазғы семестрде оқуды қаржыландыру оқу формасынан тәуелсіз студенттің өз қаражатынан  жұмсалады.

 

Жазғы семестрде білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бақылау жүйесінің барлық түрлері:

үлгерімді ағымдағы бақылау, аралық бақылау ауызша, жазбаша және тестілеу формаларында қолданылады.

 

Жазғы семестрдегі білім алушылардың оқудағы жетістіктері білімді бақылау және бағалауға қатысты   жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес    балдық-рейтинг таңбалық  жүйемен бағаланады.

 Жазғы семестрде оқылған мамандықтың оқу жоспарындағы пәндердің емтихан қорытындысы ағымдағы оқу жылындағы келесі курсқа көшіру балын (GPA) есептегенде ескеріледі.

 Басқа оқу орындарынан келіп оқитын білім алушыларға  Абай атындағы ҚазҰПУ-де жазғы семестрді оқығаны туралы кредиттерді қайта санауға транскрипт беріледі.