қазақша · русский · english
 
 
 

 

Грантқа ауысу мүмкіндігі


Ақылы негізде білім алушының өз мамандығына сәйкес мемлекеттік білім беру грантына ауысуы мемлекеттік заңнамалармен бекітілген конкурстық негізде академиялық қарызы жоқ, бүкіл оқу кезеңіндегі GPA үлгерімінің орташа балының негізінде аралық аттестаттаудың нәтижелері ескеріле отырып өткізіледі. GPA үлгерімнің орташа балының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда бүкіл оқу кезеңі ішінде тек қана А, А- («үздік»), содан соң А, А- («үздік») бағаларынан В+, В, В- («жақсы») бағаларына дейін бағалары бар, одан әрі - аралас бағалары бар білім алушылар басым құқыққа ие болады.

 

Босаған білім гранттары орынына ауысу конкурстық негізде қысқы және жазғы демалыс уақытында мынадай тәртіптер арқылы жүзеге асырылады:

 

Бакалавриат бойынша:

- ақылы негізде білім алушы оқуын мемлекеттік білім беру грантында жалғастыру үшін ҚР Білім және ғылым министрінің атына және Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ректоры атына өтініш жазады;

- конкурстық негізде жазылған өтінішті университет Ғылыми кеңесінің шешімімен қарастыра отырып, ағымдағы жылдың 5 тамызы және 15 қаңтарына дейін ҚР БжҒМ жолдайды. Білім алушының өтінішіне барлық оқу кезеңдеріндегі оқу үлгерімінің орташа ұпайы көрсетілген жоғары оқу орны басшысының қолы қойылған транскрипт, жеке куәлігінің көшірмесі, университеттен оқудан шығарылған білім грантын иеленушінің куәлігінің көшірмесі Ғылыми Кеңесі шешімімен бірге жолданады;

- ҚР БжҒМ келіп түскен құжаттарды мамандықтар, оқу түрі, оқу мерзімі және оқуға түскен уақыты бойынша қарастырып, оңтайлы шешім қабылданса, білім грантын иелену туралы бұйрық шығарады;

- білім грантын иелену туралы қабылданған шешімге орай жоғары оқу орнының ректоры білім алушы білімін грантта жалғастыру туралы бұйрық шығарады.

 

Магистратура және докторантура бойынша:

- ақылы негізде білім алушы оқуын мемлекеттік грантта жалғастыру үшін ҚР Білім және ғылым министрінің атына және Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ректоры атына мемлекеттік грант бөлінген жағдайда грантқа ауыстыруға өтініш жазады;

- жоғары білімнен кейінгі деңгейдегі қорытынды аттестациялауды ұйымдастыру бөлімі білім алушының өтініші мен құжаттарын, білім көрсеткішіне әсер ететін оқу үлгерімі қорытындысын және университеттің Ғылыми Кеңесіне жолданған мемлекеттік грантқа ауыстыру туралы директораттың ұсыныс хатын қарастырады;

- ұсынысты ескере отырып, университет Ғылыми Кеңесі мемлекеттік білім грантына ауыстыру туралы немесе ауыстырудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Конкурспен бөлінген білім гранттарынан қалған бос білім гранттары оқыту формасына қарамай мамандықтарды дайындаудағы ішкі бағыттар бойынша үлгерімінің жоғары орташа ұпайына (GPA) байланысты конкурстық негізде беріледі. 

 

1051
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler