қазақша · русский · english
Біз туралы
Білім
  Ынтымақтастық
Институттар
  Ғылым
Даму
  Кітапхана
Студенттік өмір
  Түлек
Ресурстар
  Оқу порталы
Олимпиадалар
 
 
Талапкерлерге



Магистратура
және PhD

 
Білім



ҚР Педагогикалық білімді жүйелі жаңарту тұжырымдамалық негізі


ҚАЗАҚСТАН ЖОО-дарындағы «Мәңгілік Ел» ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетi Қазақстандағы бiрiншi жоғары оқу орыны болып табылады.

 

ҚР БҒМ «Абай атындағы ҚазҰПУ» Республикалық мемлекеттік құқықтағы кәсіпорынды шаруашылықты жүргізудің негізгі қызметі --  ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау, сонымен қатар Қазақстан Республикасының ғылыми потенциялын дамытуға бағытталған тәжірибелі мамандар қалыптастыру.

Университет бакалавриат және магистратура бойынша  бiлiм беретiн белсендiлiктi жүргiзуге құқықты лицензияға сәйкес  бiлiм беретiн бағдарламалар негiзiнде қазақ және орыс тiлдерiнде бiлiм беруді белсендi  жүзеге асырады (техникалық және кәсiби, орта білімнен кейінгі, жоғарғы және ЖОО-дан кейiнгi бiлiм беру  құқығының әрекет ету мерзімі шектеусіз мемлекеттiк лицензия сериясы № 0137373 АБ, берілген күні Астана қаласы 2010 жылдың  3 ақпаны) және мемлекеттiк үлгiде жоғары бiлiм туралы дипломды беруге құқықты.

Бiлiм беру үрдістерін жүзеге асыруда мына актiлер басшылыққа алынады:

  • Қазақстан Республикасының Конституциясы;
  • ҚР «Білім туралы» заңы;
  • ҚР «Ғылым туралы» заңы;
  • ҚР «Еңбек кодексі»;
  • ҚР азаматтарыа патриоттық тәрбие беру туралы мемлекеттік бағдарламасы;
  • 2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы;

 Университетте тиiстi заңнамалық актiлерге сәйкес, тиiмдi бiлiм беретiн белсендiлiкті қамтамасыз ететiн iшкi нормативтiк құжаттардың нысаналы жүйесі құрылған.

Абай атындағы ҚазҰПУ  қызметіндегі басым бағыттар:

  • жаңа бiлiм беретiн және ақпараттық технологиялар негiзiнде  жоғары сапалы мамандар әзiрлеуді қамтамасыз ету;
  • Жеке тұлға мен қоғамның зияткерлiк, шығармашылық, рухани және адамгершілік тұрғыда қажеттiлiктерін қанағаттандыру, білім беру, құзыреттілігін қалыптастыру, қызыметкерлердің біліктілігін арттыру;
  • Қоғамның жоғары бiлiктi және әлеуметтiк - бейiмделген мамандарға сұранысын қанағаттандыру;

Абай атындағы ҚазҰПУ өз қызметінің басты мақсаты-мемлекеттің, қоғамның, отбасының жеке тұлғалардың сапалы білім қызметі жөніндегі сұраныстарын қанағаттандыру деп біледі.

Университетте білім беру қызметінің жоғарғы сапасын қамтамасыз ететін, қоғамның жоғарғы әлеуетті мамандарға деген сұранысын қанағаттандыратын мамандар даярлау жүйесі құрылған.

Барлық институттарда (факультеттерде), кафедраларда, зертханаларда жүзеге асырылып жатқан  негізгі жұмыстар  ол оқу үдерісі болып табылады.

Мамандарды әзірлеу мына бағыттар бойынша жүзеге асырылады;

Білім.

Гуманитарлық ғылымдар.

Құқық.

Көркем өнер.

Әлеуметтік ғылымдар және бизнес.

Жаратылыстану ғылымдары.

Техникалық ғылымдар.

Қызмет көрсету

Университет 85 жылдан бері ҚР жоғарғы мектептер жөніндегі  ғылыми және әдiстемелiк орталығы болып келеді.

ҚР Үкіметінің1997 жылдың 6 қарашадағы  № 1500  қаулысымен Университет жанында  әскери кафедра ашылды. Әскери кафедра екі мамандық бойынша әзірлеуді іске асырады: ВУС 021001- "Мотоатқыштар бөлiмшесінiң жауынгерлiк қолдану,  ВУС-390200 -Психология.

Барлық институттарда (факультеттерде) студенттердің өз бетінше жұмыс жасауын ынталандыратын, жеке білім траекторияларын таңдауын қамтамасыз ететін, ұтқырлықты, бакалаврлардың  магистранттардың, докторанттардың академиялық еркіндігін қалыптастыратын, студенттердің әлемдік білім кеңістігіне лайық құжаттар алып шығуына мүмкіндік беретін  кредиттік оқыту жүйесі енгізілген.

Университеттің білім сапасы жөніндегі саясаты білім беру қызметінің жоғары сапалық деңгейіне қол жеткізу, тұтынушылардың талап-тілегін сұранысын қанағаттандыруға бағытталып отыр. Білім беру қызметін тұтынушылармен өзара әріптестікті қабылдаған міндеттемелерге екі жақты жауапкершілікті қамтамасыз етуге баса көңіл бөлінеді.

Университеттің саясаты мен мақсаты мемлекетіміздің  білім беру саласындағы стратегиялық мақсаты мен саясатына, экономикалық қоғамдық білі беру кеңістігіндегі бәсекелестікті қамтамасыз ету жөніндегі кей міндеттеріне сәйкес келеді.