қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Джанабаева Рая Айтбайқызы

Джанабаева Рая Айтбайқызы

Джанабаева Рая Айтбайқызы - п.ғ.д., профессор.,
Жаратылыстану Ғылымдары Академиясының корреспондент мүшесі.

1965-70 жж. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының студенті. 1971 жылдан физикалық география кафедрасының аға лаборанты. 1982 жылдан педагогика кафедрасының аға оқытушысы.
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде 1990 жылы «Қазақстандағы кәсіптік техникалық білім берудің тууы мен дамуы» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғалды. 2007 жылы «Қазақ халық педагогикасындағы патриоттық ерлік тәрбиесінің ғылыми негіздері» тақырыбында докторлық диссертация қорғалды. 87-ғылыми еңбектері жарық көрді. Соның ішінде 1- моногрофия, 10-оқу-әдістемелік оқу құралы қолданыста. Ұстаздық жұмыс өтілі - 43 жыл. Оқу-әдістемелік кеңесінің мүшесі. 2008 жылы Университеттің 80-жылдығына байланысты «Ғылымға қосқан үлесі үшін» атты медальмен марапатталды. Д 14.05.01. диссертациялық кеңесінің мүшесі болған. 1990 жылдан бастап алғашқыда «Кел қыздар, сырласайық» үйірмесін, 2005 жылдан жаңа атауымен «Қырмызы қыздар-ай» атты үйірмесінің ғылыми жетекшісі. Кафедра ұжымымен ұлттық тәрбие атты дәрістер курсын дайындаған : әдеп дәрістер курсы. 2012 жылы «Үздік ұстаз» төсбелгісімен 2013 жылы университеттің 85 жылдық мерей тойына байланысты «Құрметті қызметкер» төсбелгісімен марапатталды.

 

 


← Кері оралу