қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Қыяқбаева Улбосын Қозыбаевна

Қыяқбаева Улбосын Қозыбаевна

 

Аты жөні

Қыяқбаева Ұлбосын Қозыбаевна

Туған жылы, күні

10.10.1966 г.

Білімі

1990 жылы Абай атындағы Қазақ Еңбек Қызыл Ту орденді педагогикалық институтын "Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі" мамандығы бойынша бітірген. Біліктілігі: бастауыш сынып мұғалімі. Ұлттық мектепте орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

Ғылыми дәрежесі, атағы

Абай атындағы ҚазҰПУ-да 1990 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін жұмыс істейді. 1990 - 2019 жылдары университеттің негізгі лауазымдық сатыларынан өтті: оқытушы, аға оқытушы, доцент, профессор, 2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін - Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының меңгерушісі.

ЖОО бітірген кезеңінен бастап жұмыс орны мен атқарған қызметтері

      1982-1984 ж.ж.- Сергеевка орта мектебінде пионер-тәлімгер. Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы.

1984-1985 ж.ж. Абай атындағы ҚазПИ дайындық бөлімінің тыңдаушысы.

1985 -1990 ж.ж. Абай атындағы ҚазПИ «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» факультетінде оқыды.

1990 ж. - Абай атындағы КазПИ Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі кафедрасының оқытушысы.

1990-1995 ж. ж. факультетте педагогикалық практика жетекшісі.

1995-1998 ж.ж.- Кафедрада курстық және дипломдық жұмыстардың жетекшісі

1998-2001 ж.ж. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің күндізгі бөлімінде аспирант.

2002 жылы- «Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі және дене шынықтыру» кафедрасының аға оқытушысы.

2005 жылы факультетте «Аралық мемлекеттік бақылау»  жетекшісі.

2007 жылы «Қазақ бастауыш мектебінің білім беру мазмұнының қалыптасуы мен дамуы» (1991 - 2007 ж.ж.) тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. 13.00.01-Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика

2010 жылы Мәскеу қалалық педагогикалық университетінде біліктілікті арттыру курсынан өтті.

2011 жылы педагогикалық тәжірибе алмасу мақсатында Қытай Халық Республикасының Чан Хан педагогикалық университетінде халықаралық деңгейде тағылымдамадан өтті.

2014 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының қауымдастырылған профессоры.  24.06.2014 ж. № 490 - ж/к хаттама № 2.

2015 жылы "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы Кембридж университетінің Білім факультетімен бірлесіп әзірлеген Қазақстан Республикасының педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлік бағдарламалары аясында ІІ және ІІІ деңгей бағдарламасы бойынша тренерлерді оқыту курсынан өтіп, халықаралық тренер сертификатын алды.

Ғылыми қызығушылығы

Бастауыш сынып мұғалімдерін дайындау және даму тарихы (1991-2007ж.ж.), болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің дидактикалық дайындығы, өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу және оқыту үдерісін жетілдіру мәселелері, мектепке дейінгі педагогика, отбасылық педагогика: мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу және оқыту;

Жарияланымдар

      Негізгі жарияланымдар:

 -Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі, «050102», «050103»  «Педагогика және психология», «5В012300-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандықтары бойынша типтік бағдарламаны әзірлеуге қатысты;

- «Бастауыш мектеп педагогикасы»,  «Бастауыш мектеп дидактикасы», «Ғылыми - педагогикалық зерттеу әдістемесі», «Отбасылық педагогика» тақырыбында 80-нен астам ғылыми мақалалар мен әдістемелік құралдардың авторы. 

Бастауыш мектепте математика сабағында дамыту ойындарын қолданудың кейбір ерекшеліктері. Мәскеу. 2015 жыл. - № 6. - С. 330-334.

An impotent of mutual assistance of school and family in development of a gifted child.

Procedia - Social and Behavioral Sciences. -2014. - V.136. - P.405 -409Wed of Science ( Тhomson Reuters, АҚШ)

Краткий аналитический обзор психологических концепций синдрома профессионального эмоционального выгорания.  Международный студенческий научный вестник. Москва.   09.11.2017. -№6.    ISSN 2409-529X   ИФ РИНЦ= 0,336

«Leadership Development University Students In The Activities Of Student Government». «7th World Conference on Educational Scienses».

 05-07 February 2015. Athens Greece.

Оқу құралдары:

"Оқы, баламен бірге оқы": Оқу-әдістемелік құрал.- Алматы-2019-Абай атындағы ҚазҰПУ, 2019.-40 бет

«Зерттеушілік оқыту технологиясы»: Оқу-әдістемелік құрал. - Алматы: ТОО «Полиграфия - сервиз и К», 2019.-48 бет.

«Ерте балалық шақ педагогикасы»: Оқу-әдістемелік құрал. - Алматы: «Альманах», 2019. - 60 бет.

«Монтессори педагогикасы»: Оқу-әдістемелік құрал. - Алматы: «Альманах», 2019. - 80 бет.

Ғылыми жобаларға қатысу

-Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Темпус-Эдук «Орталық Азия елдеріндегі педагогика бойынша оқу бағдарламаларын жаңғырту және әзірлеу» халықаралық жобасы,

-Жоба: «Отбасылық тәрбие және Ұлттық білім беру жүйесін жаңғыртудың маңызы»;

Марапаттары мен сыйлықтары

 «Үздік ұстаз» төсбелгісі. Куәлік нөмірі № 125 05.10.2012 ж.

 «Құрметті қызметкер» төс белгісі •  Куәлік нөмірі № 433 03.10.2016 ж.

 «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі;

 Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне 90 жылдығына арналған төсбелгі;

 Жастар жылына арналған «Жас ғалым -2019» VII Халықаралық ғылыми - практикалық конференциясының жоғары нәтижеге қол жеткізгені үшін I дәрежелі дипломмен марапатталды (22.02.2019 ж.);

 №3 Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, КММ әкімшілігі Абай атындағы ҚазҰПУ, Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы; Алғыс хат (2018 ж .)

 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығынан;

 Москвада халықаралық педагогтер мен психологтарға арналған фестивальда спикер мәртебесінде өнер көрсеткені үшін «ҚР-дағы ерте даму педагогтары мен психологтары Достастығының халықаралық академиясы» өкілдігінен алғыс хат; (20.04.2019 ж.)

Қоғамдық жұмыс

1.Педагогика және психология институтының Ғылыми Кеңесінің мүшесі;

2.Педагогика және психология институты кәсіподақ комитетінің төрағасы;

3. Мектепке дейінгі білім беру мамандығы бойынша магистратура мен докторантураға жауапты;

Байланыс деректері

87781288842, 87013626868, 384 - 72 - 10

kyakbaeva@mail.ru


← Кері оралу