қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Абенова Бибигуль Сеиловна

Абенова Бибигуль Сеиловна

 

 

Оқу орнының толық атауы, факультеті, оқу орнының орналасқан жері

Оқуға түскен жылы

Оқуды бітірген жылы

Мамандығы, біліктілігі, диплом немесе куәлік номері

1

Ақтөбе педагогикалық училищесі

1973 ж.

1977 ж.

Мектеп бөлімі. Бастауыш класс мұғалімі. Үздік диплом

2

С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті

1980 ж.

1985 ж.

Тарих факультеті. Тарихшы. Тарих және қоғамтану пәндерінің оқытушысы

Үздік диплом ЛВ№106296

 

    ЖҰМЫС ТӘЖІРБИЕСІ

 

     09.1977-11.1977 жылдар аралығында Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді орта мектебінде бастауыш класс мұғалімі қызметін атқарды.

     11.1977-08.1978 жылдар аралығында Ы.Алтынсарин атындағы бастауыш мектепте мұғалім қызметін атқарды.

     09.1978-09.1979 жылдар аралығында - Байғанин аудандық әдістемелік кабинет әдіскері.

     19.1979-09.1980 жылдары - Байғанин ауданының білім бөлімінде мектеп инспекторы.

     09.1980-07.1985 жылдары - С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік  университетінде (ҚазМУ) тарих факультетінің студенті.

     09.1980-09.1995 және 09.1999-09.2010 жж. - Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтында оқытушы, аға оқытушы, кафедра доценті, ЖАК доценті, Отан тарихы және тарихи пәндер кафедрасының меңгерушісі.    

     08.2010-09.2012 жж. - Оқу-әдістемелік Басқарма басшысы, 09.2012-01.2017 жж. - Аккредитация, академиялық ұтқырлық және мониторинг басқармасының бастығы.

     01.2017-06.2021 жж. аралығы - Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде Ректордың міндетін атқарушы, Оқу ісі жөніндегі проректор, Академиялық жұмыстар жөніндегі проректор.

     06.2021-08.2021 ж. - ректордың Академиялық қызмет жөніндегі кеңесшісі.

     09.2021-08.2023 жж. - Тарих және дінтану кафедрасының профессоры.

     2024 жылдың қаңтарынан қазіргі уақытқа дейін Абай атындағы ҚазҰПУ-інде Ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы кафедрасында доцент қызметін атқарады.

     Ғылыми жетілуі: Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде (ҚазҰУ) 1995-1996 жылдары бір жыл ғылыми тағылымдамадан өтті. 1996-1999 жылдары ҚазҰУ тарих факультетінде аспирантурада білім алды. 2000 жылдың 6 қазанында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті 070000-Диссертациялық кеңесінде «Отан тарихы (ҚР тарихы)» бойынша кандидаттық диссертация қорғады.

 

    ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ

 

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми аясы

Диплом алған күні

Тарих ғылымдарының кандитаты

Отан тарихы (ҚР тарихы)

Диплом ҒК№0007798

 

     ҒЫЛЫМИ АТАҒЫ: Доцент (қауымдастырылған профессор). Аттестат Д№0000037

     МҮШЕЛІК: Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясы корреспондент-мүшесі

 

     ЖАРИЯЛАНЫМДАРЫ

Жалпы еңбектер мен мақалалар көлемі: 165,02 б.т.

  • Монографиялар: 3
  • Материалдар жинағы: 2
  • Оқу құралдары: 10
  • Мақалалар: 100-ден астам (КОКСОН және шетелдік басылымдарда)
  • Scopus басылымы журналдарында 3 мақала
  • WEB of Science: 1 мақала

 

     МАРАПАТТАРЫ

 

  • «ЖОО-ның үздік оқытушысы» (2006 ж.) мемлекеттік грантының иегері
  • ҚР БҒМ «Құрмет грамотасы»
  • Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері
  • «Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі
  • «Желтоқсанның 30 жылдығы» медалі
  • А.Байтұрсынов ордені (Қазақстан ЖОО қауымдастығы)

 

САРАПШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ

  • АРҚА сарапшысы
  • ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі жанындағы КОКСОН сарапшысы

 

СЕРТИФИКАТТАРЫ

  • Білім беру менеджменті бойынша сертификат
  • «АРҚА-ның Үздік сарапшысы» сертификаты
  • НҚА талқылау бойынша сертификат
  • Жоғары білім сапасын қамтамасыз ету бойынша сертификат
  • Педагогикалық білім беруді дамыту бойынша сертификат
  • Цифрлық технологияларды меңгеру бойынша сертификат
  • «Традиции и обычаи тюркских народов: современные трансформации и особенности». AUEZOV UNIVERSITY - 2024. №8391. 90 час. 2024 г.; 2025 г.
  • «Ежелгі және орта ғасырлардағы Еуразия даласы және әлемдік өркениет». Халықаралық Қысқы мектеп. Абай атындағы ҚазҰПУ. 80 cағат. 2025 ж.

 


← Кері оралу