Біз туралы | ![]() Жунусбекова Азиза
ҚЫСҚАША ӨМІРБАЯН Азиза Жунусбекова - PhD, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың педагогика және психология факультеті, «Бастауыш білім беру» кафедрасының қауымдастырылған профессор міндетін атқарушысы. Жалпы ғылыми-педагогикалық еңбек өтілі 12 жылдан асады. 2015 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін басқарушылық қызметке даярлау» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешімімен оған «6D010200 - Педагогика және бастауыш оқытудың әдістемесі» мамандығы бойынша PhD докторы ғылыми дәрежесі берілді (2016 жылғы 4 ақпандағы № 102 бұйрық, ҒД № 0001077). Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2022 жылғы 28 желтоқсандағы №216 бұйрығымен «Талантты жас ғалымдар» мемлекеттік ғылыми стипендиясының иегері. Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның 2023 жылғы 20 желтоқсандағы шешімімен «Болашақ» «500 ғалым» халықаралық бағдарламасының стипендиаты. Иллинойс университетінде (University of Illinois Urbana-Champaign, АҚШ) 2024-2025 ж.ж. «Білім беру саласындағы зерттеулер / Педагогика» ғылыми бағыты бойынша бір жылдық ғылыми тағылымдамадан өтті.
БІЛІМІ
ОҚЫТЫЛАТЫН ПӘНДЕР (дайындық деңгейі бойынша тізімі) Бакалавриат: Инновациялық бизнес негіздері, Қызметкерлерді басқару, Methods of assessment and development of primary school children, Methods of teaching the updated content of the subject «English», Methods of Teaching «World Knowledge». Магистратура: Multilingualism: theory and practice, Development technology «Soft skills».
ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫС 2020-2025 жылдар аралығында 36-дан астам ғылыми жұмысы жарияланды. Олардың ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған басылымдарда жарық көрген 20 мақала, халықаралық Web of Science (2) және Scopus (4) деректер базаларындағы жарияланымдар, шетелдік рецензияланатын журналдар мен конференциялар жинақтарындағы мақалалар, бір дербес монография және бірлескен авторлықпен дайындалған оқу құралы бар. Ғылыми қызығушылықтары білім берудегі цифрлық технологияларды, гибридті оқытуды, микро- және нанооқытуды, білім беру ортасында жасанды интеллектіні қолдану мен оның этикалық қырларын, сондай-ақ болашақ педагогтердің цифрлық, басқарушылық және кәсіпкерлік құзыреттерін дамыту мәселелерін қамтиды. Жунусбекова Азиза Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Педагогика және психология» журналының ғылыми редакторы, бірқатар отандық және шетелдік ғылыми басылымдардың рецензенті, сондай-ақ Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Жас зерттеушілер кеңесінің мүшесі болып табылады.
БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ 1. Writing in the Sciences (Coursera), 15.05.2024, Stanford, (США); 2. Generative AI for Students: Ethics and academic integrity (Coursera), 11.10.2024, University of Glasgow (Великобритания); 3. Learning technologies foundations and applications (Coursera), 26.01.2025, University of Illinois Urbana-Champaign (США); 4. Основы Искусственного интеллекта: чат GPT, Skillbox, 16.04.2025, EdTech; 5. An Introduction to Accessibility and Inclusive Design» (Coursera), 22.04.2025, University of Illinois Urbana-Champaign (США); 6. Introduction to Artificial Intelligence (Coursera), 23.05.2025, University of Illinois Urbana-Champaign (США); 7. Being a reflective, responsive teacher (including completion of the excellence in teaching portfolio), 11.09.-30.04.2025, University of Illinois Urbana-Champaign (США); 8. Master course in online teaching, 05.05.2025, University of Illinois Urbana-Champaign (США); 9. Transformation in Higher Education: teaching, learning and research in a time of disruptive change and AI integration into Higher Education and research, 11.09.2024-06.05.2025, University of Illinois Urbana-Champaign (США); 10. Intensive English course (pronunciation), 13.01.2025-02.05.2025, University of Illinois Urbana-Champaign (США).
МАРАПАТТАР 1. «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне 90 жыл» мерейтойлық медалі - университеттің дамуына қосқан үлесі үшін. Куәлік №666, 08.02.2019 ж. 2. «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне 95 жыл» мерейтойлық медалі - университеттің дамуына қосқан үлесі үшін. Куәлік №436, 27.10.2023 ж. 3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының 25 жылдық мерейтойына арналған төсбелгі - дарынды балаларды тәрбиелеу мен оқыту ісіне қосқан зор үлесі үшін. Куәлік №427, 16.08.2023 ж.
← Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|