қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Оспанкулов Ернар Ерланович

Оспанкулов Ернар Ерланович

 

 

          Оспанқұлов Ернар Ерланұлы, 1985 жылы 12 мамырда дүниеге келген, қазақ, білімі жоғары,  1991 – 1999 Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Малыбай ауылы, Малыбай орта мектебінде оқыған. 1999 – 2002 Астана қаласы С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы «Жас Ұлан» Республикалық әскери мектеп интернатта 11 сыныпты бітірді.

2003-2007 жыл аралығында. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогика университетіның «Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру» мамандығын қызыл дипломмен бітірген. Мамандығы - Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.

2007 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогика университетіның педагогика және психология факультетіне «Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру» кафедрасына ассистент лауазымына жұмысқа қабылданды.

2009-2010 оқу жылы Бастапқы әскери және дене шынықтыру факультетінде, деканның тірбие ісі-жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

2010-2012 жыл аралығында Алматы қаласы Алматы үздіксіз білім беру университеті «Құқықтану»  мамандығы бойынша екінші жоғарғы білім алды.

2011-2013ж. Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогика  университетіның «денешынықтыру және спорт» мамандығы бойыншы педагогика ғылымдарының  магистрі дәрежесін алды.

2017-2020ж. Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогика  университетіның «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша  PhD доктор дәрежесіне ие болды.

14.01.2021-25.08.2021 жыл аралығында Өнер мәдениет және спорт институтының оқу ісі-жөніндегі директордың орынбасар қызметін атқарды.

2018-2019 ж.ж. Турция, Анкара қаласы Анкара университетінде ғылыми тағылымнамадан өтті.

ОСПАНКУЛОВ ЕРНАР ЕРЛАНОВИЧ – Абай атындағы ҚазҰПУ-дың постдокторанты.  2021 жылы «6D010200-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алған.
          Қазіргі таңда, Ернар Ерланұлы Білім және ғылым министрлігі қаржыландыратын 2 ғылыми жобаның орындаушысы болып табылады:
1. " Мобильді білім беру ортасын құру арқылы болашақ бастауыш білім беру педагогтарын ұлттық құндылықтарға баулу"; 2022-2024 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурсы (ҚР БҒМ).
2. " Зерттеу университетінің профессорлық-оқытушылық құрамының ғылыми-инновациялық әлеуетін дамытуды партисипативті басқару". 2022-2024 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурсы (ҚР БҒМ).

      Абай атындағы ҚазҰПУ-нің жас зерттеушілерге арналған 2 -Ғылыми жобалардың жетекшісі.

1.     «Студенттерді дербестендірілген оқытуда цифрлық технологияларды қолдану әдістемесі»;

2.     «Ұлттық құндылықтар негізінде «Дене шынықтыру» пәні бойынша білім мазмұнын құру»

Астана қ. 2023 жылы   «El Umiti» Қоғамдық қор тапсырысы бойынша «7-9 жас аралығындағы бастауыш сынып оқушыларының спорттық қабілеттерін диагностикалау бағдарламасы» атты жоба дайындаған.
      Ернар Ерланұлының осы уақытқа дейін 31-ден астам ғылыми еңбектері жарық көрген, олардың ішінде: ҚР Білім және ғылым сапасын қамтамасыз ету комитетінің тізіміндегі журналдарда - 11 мақала; «Scopus» және «Web of Science» мәліметтер базаларындағы импакт-факторлы журналда - 9 мақала; 1- Монография, 4 авторлық куәлік, және мектепге арналған 1 оқу-әдістемелік құралының авторы. «Scopus» мәліметтер базасындағы Хирш индексі h-3-ге тең.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ТӘЖІРИБЕСІ:

1. «Educational Leadership» Nazarbaev universitet grauate school of education November 14 – December 14. 2022 г.

2. «Attracting future primary school teachers to national values through the creation of a mobile educational environment» Scientific and practical internship 19.10.2022 – 29.10.2022 г.

3. «Коуч в образовании» IUC & ICTA Accredited 20.12.2022 г.

4. «Мектеп спортын ұйымдастыру және басқару» Абай атындағы ҚазҰПУ 03.02.2022 ж.

ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАРДЫ БАСҚАРУ:

1.    «Студенттерді дербестендірілген оқытуда цифрлық технологияларды қолдану әдістемесі» Абай атындағы ҚазҰПУ-нің жас зерттеушілерге арналған Ғылыми жобалар конкурсы бойынша. 2022 ж

2.     «Ұлттық құндылықтар негізінде «Дене шынықтыру» пәні бойынша білім мазмұнын құру» Абай атындағы ҚазҰПУ-нің жас зерттеушілерге арналған Ғылыми жобалар конкурсы бойынша. 2023 ж

3. «Программа диагностики спортивных способностей младших школьников 7-9 лет» Общественый Фонд «El Umiti» Астана г. 2023

ЗЕРТТЕУ ЖОБАЛАРЫНА ҚАТЫСУ:

1.     «Мобильді білім беру ортасын құру арқылы болашақ бастауыш білім беру педагогтарын ұлттық құндылықтарға баулу» 2022-2024 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурсы (ҚР БҒМ)

2. «Зерттеу университетінің профессорлық-оқытушылық құрамының ғылыми-инновациялық әлеуетін дамытуды партисипативті басқару» 2022-2024 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурсы (ҚР БҒМ)

 

 


← Кері оралу