қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
 

ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТ - ҰТЫМДЫ ТАҢДАУ

 

1928 жылы негізі қаланған Абай атындағы ҚазҰПУ - экономиканың барлық салалары үшін мұғалімдер мен ғылыми кадрлар даярлайтын еліміздің жетекші жоғары оқу орны. Білім берудің жоғары сапасы, Республикамыздағы үздік 10 университеттің ішіндегі мақтауға тұрарлық орны, педагогикалық университеттердің көрсеткіштері бойынша бірінші орында тұруы еңбек нарығында өз орнын табуға қабілетті, жоғары білікті мамандар дайындауда маңызды міндеттерді дұрыс қоюға және оны дұрыс шешуге мүмкіндік береді. Олар ертеңгі күнгі Қазақстанның әрі қарай дамуының стратегиясын анықтайды, оның әрі қарай тарихын жазады және Республикамызды әлемдік қауымдастықта танытады.

 

Басты міндет-бәсекеге қабілетті, прогрессивті ойлайтын, өзіне және қоғамға шығармашылық-жасампаздық қарым-қатынасы бар жаңа формациядағы педагогикалық кадрларды сапалы даярлау. Университет ұсынатын білім беру қызметтерінің сапасын бағалаудың танымал әдістерінің бірі институционалдық және мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеу, халықаралық байланыстар болып табылады.

Университетте білім беру сапасын ішкі қамтамасыз ету жүйесі тиімді жұмыс істейді. Ал сапаны сырттай қамтамасыз ету үшін университет түрлі шетелдік және Ұлттық аккредиттеу органдарымен тығыз жұмыс істейді.

 

Университетте 5 жыл мерзімге білім беру бағдарламаларын (ББ) институционалдық және мамандандырылған аккредиттеудің халықаралық сертификаттары бар. Бүгінгі күні ББ жалпы санының 55% - дан астамын құрайтын 94 ББ халықаралық мамандандырылған аккредиттеуден өтті, атап айтқанда аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінде (IAAR) -35 ББ, Білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі Тәуелсіз агенттікте (IQAA) -31 ББ, Қазақстандық заманауи (элиталық) білім беру қауымдастығында (KazSEE)-26 ББ және тәуелсіз Қазақстандық Аккредиттеу орталығы (ТҚАО) - 12 ББ.

 

Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі өткізген Қазақстан Республикасының ТОП-20 жоғары оқу орындарының бас рейтингінде 2023 жылы біздің университет құрметті 4-орын, ал педагогикалық жоғары оқу орындары арасында 1-орын алды.  ҚР жоғары оқу орындарының рейтингінде Абай атындағы ҚазҰПУ білім беру бағдарламаларының топтары бойынша 54 жүлделі орынға ие болды, оның ішінде: 1 орын - 34 ББ, 2 орын - 19 ББ және 3 орын - 1 ББ. ҚР ПОҚ ТОП-50 құрамына біздің университеттің 6 оқытушысы кіреді: Е.А.Бөрібаев, Ж.А.Хамзина, А.С.Бердышев, В.Н.Косов, А.К.Жармағанбетова және Е.Тілеуберді.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ жыл сайын әлемнің жетекші жоғары оқу орындары арасында өз позициясын жақсартып келеді. QS World University Rankings-2022 жылдың қорытындысы бойынша #551-560 орында тұр (2021 -#601-650, 2020 - #561-570). QS EECA-2022 (Emerging Europe & Central Asia) халықаралық рейтингінде университет Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы аймақтағы 450 университет арасында 70-ші орынға ие болды. Абай университеті RankPro Worldwide Professional University Rankings рейтингінің ТОП-1000 үздік университетінің қатарына еніп, , әлемнің тіркелген 2425 ЖОО-нан 917-ші орынға ие болды.

QS World University Rankings by Subject 2022 нәтижелері бойынша Абай университеті пәндік рейтингі бойынша бірінші рет әлемнің үздік 100 университетінің қатарына енді - «Білім және оқыту» мамандығы бойынша «Әлеуметтік ғылымдар және менеджмент» номинациясы бойынша 62-ші орын, ұпай саны - 71,6. Бұл көрсеткіш осы санатта ұсынылған қазақстандық және Орталық Азия университеттері арасындағы ең жақсы көрсеткіш болып табылады. Сонымен қатар, университет өнер және гуманитарлық сала рейтингіне алғаш рет еніп, жалпы 64,5 ұпаймен 297-ші орынға шықты. Бұл санатта «Тіл білімі» мамандығы дүние жүзінде 201-250 орын алады (Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасында үшінші орында). QS World University Rankings by Subject - 2022 қорытындысы бойынша Абай университеті алғаш рет пәндік рейтинг бойынша кең ауқымды (Broad Subject Area) «Әлеуметтік ғылымдар және менеджмент» саласына кіретін «Білім беру және оқыту» (Education and Training) мамандығы (Subject) бойынша 71,6 баллмен 62-орынға ие болып, әлемнің алғашқы жүз университеттерінің қатарына кірді. Сонымен қатар, университет алғаш рет «Өнер және гуманитарлық ғылымдар» салалық рейтингіне еніп, жалпы 64,5 балмен 297-ші орын алды. Бұл санатта «Лингвистика» мамандығы әлем бойынша 201-250 позицияны иеленеді (ҚР ЖОО арасында 3-ші орын).

 

2022 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ алғаш рет QS Stars Rating System беделді халықаралық рейтингісіне қатысып, ықтимал бес жұлдыздың ішінен «4 жұлдыз» жоғары бағаға ие болып, 1000-нан 752 балл жинады.

БСҚА рейтингі бойынша еліміздің үздік педагогикалық жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингісінде Абай атындағы ҚазҰПУ қорытынды балмен 98,71% бірінші орынға ие болды. БСҚА рейтингіндегі нәтижелер бойынша университеттің ресми сайты Қазақстан Республикасының 101 ЖОО арасында құрметті бесінші, еліміздің педагогикалық жоғары оқу орындары санатында бірінші орынға ие болды. 2018 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ сайты университет сайттарының ондығына енген болатын (2018 жылы 9 орын, 2016 жылы 26 орын, 2014 жылы 20 орын, 2013 жылы 25 орын).

 

Университеттің 2022-2025 жылдарға арналған Даму стратегиясына сәйкес сегіз негізгі бағыт пен стратегиялық индикаторлар айқындалды, оларға қол жеткізу үшін ғылыми зерттеулерге қатысатын штаттағы профессор-оқытушыллар құрамының үлесін 33% - ға дейін, Web of Science және Scopus базаларында индекстелетін халықаралық журналдардағы ПОҚ жарияланымдарын 20%-ға дейін, магистратура мен докторантурада білім алушылардың үлесін 15%-ға дейін, бірлескен халықаралық зерттеулер саны - 7-ге дейін, шетелдік студенттердің үлесін - 5%-ға дейін, тартылған шетелдік оқытушылар саны - 10 адамға дейін, қос дипломдық білім беру бағдарламаларының саны - 20-ға дейін арттыру жоспарлануда.

Бүгінгі таңда халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығы артып келеді.Абай атындағы ҚазҰПУ үш беделді халықаралық ұйымның ұжымдық мүшесі болып табылады. Әлемнің 29 елінің жоғары оқу орындарымен 139 келісім-шарт жасалды, оның ішінде 12-і әлемдік университеттердің академиялық рейтингінің (The Academic Ranking of World Universities) үздік ТОП-500 жоғары оқу орындарының қатарына кіреді. Олардың қатарындағы серіктес университеттер: TOP 500 QS WUR: Лос-Анджелестегі Калифорния университеті - 40; Цукуба университеті - 285; Ұлттық зерттеу университеті ЭЖМ - 305; Милан университеті - 316; Ресей халықтар достығы университеті - 317; Тяньцзинь политехникалық университеті - 334; Қазан федералды университеті - 347; Ресей Федерациясының бірінші Президенті Б.Н.Ельцин атындағы Орал федералдық университеті - 351; Вильнюс университеті - 400; Прагадағы Чех техникалық университеті - 403; Лейпциг университеті - 447; Гранада университеті - 492 және т.б.

Заманауи университеттің міндеттерінің бірі - барлық қызмет салаларында интернационалдандыруды дамыту. Оның құрамдас бөліктерінің бірі шетелдік білім алушыларды тарту болып табылатын осы бағдарлама шеңберінде шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шарттық негізде, сондай-ақ Қазақстан Республикасында ратификацияланған халықаралық шарттар желісі бойынша қабылданады.

 

Университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері үшін әртүрлі халықаралық білім беру ұйымдарында өткізілетін конкурстардың нәтижелері мен стипендиялар ынталандыру болып табылады. Университет профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерінің академиялық ұтқырлығы қысқа мерзімді семинарлар, білім беру модульдері, «Tempus», «Erasmus+» халықаралық бағдарламалары, «Үздік оқытушы» гранты және т.б. арқылы жүзеге асырылады. 2021-2022 оқу жылында шетелдік іссапарларға (семинарларға, форумдарға және т.б. қатысу) шыққан ПОҚ мен қызметкерлер саны 27 адамды құрады, оның ішінде: дәріс оқуға - 2, ғылыми тағылымдамаларға - 5, конференцияларға, симпозиумдарға және ғылыми жобаларға қатысу - 20. 2021-2022 оқу жылында университеттің 14 оқытушысы «Болашақ» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтті.

 

Университеттің мәдени-танымдық бастамаларының бірі - ұлы қазақ ойшылы Абай Құнанбаевтың мәдени мұрасын дәріптеу. Абай атындағы ҚазҰПУ Қытай, Вьетнам, Түркия, Ресейдегі Абай атындағы алты халықаралық білім беру орталығының ашылуына бастамашы болды: Слупск қаласындағы Помор академиясында (Польша); Іле педагогикалық университетінің Абай орталығы (ҚХР); Хошимин қаласындағы педагогикалық университетіндегі Абай атындағы мәдениет және ғылым орталығы (Вьетнам); Эрзинджан университетінің Абай атындағы қазақ тілі мен мәдениеті орталығы (Түркия); Ханой ұлттық педагогикалық университетінің Абай атындағы мәдениет және ғылым орталығы (Вьетнам); Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университетінің Абай атындағы Қазақ-орыс ғылыми-мәдени орталығы (Ресей). Мәдениет және білім беру орталықтарының міндеті - Абай мұрасын насихаттау, елтану, мәдениет және Қазақстан тарихы бойынша түрлі іс-шаралар өткізу. Абай орталықтарының қызметі Абай атындағы ҚазҰПУ-дың халықаралық ғылыми және білім беру кеңістігіне кіруіне, имидж саясатын жүзеге асыруға және оны шетелде ілгерілетуге ықпал етеді.

 

Болашақ мамандарға білім беру және ғылыми жұмыстар жүргізу университеттің 7 институтында жүзеге асырылады. Олар: Математика, физика және информатика институты, Педагогика және психология институты, Филология институты, Өнер, мәдениет және спорт институты, Жаратылыстану және география, Тарих және құқық, Сорбонна-Қазақстан институттары.

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беруді ұйымдастыру, ұстаз болуға тұрақты уәждері бар жастарды тәрбиелеу үшін Шетелдік азаматтарға арналған және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультеті (Foundation) құрылды. Университеттің білім беру қызметі жоғары және жоғары оқу орнынан кейін білім берудің 217 бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады. Оның ішінде: бакалавриатта -95; магистратурада -79; докторантурада-43 мамандық бойынша білім беріледі.


Университеттегі тәрбие жұмысы дәстүрлі кураторлық қадағалау емес, «Тәлімгерлік жүйе» бойынша жүзеге асырылады. Бұл жүйенің ерекшелігі - барлық оқытушылар мен қызметкерлердің студенттерге тәрбие беруге түгел жұмылуында, бұл студенттердің 100% қамтылуын қамтамасыз етеді. Әрбір мұғалім және қызметкер барлық оқу кезеңінде 5 студентке тәлімгер болып табылады.

 

Университетте Ғылыми кітапхана жұмыс істейді. Барлық оқу ғимараттары оқу залдарымен қамтамасыз етілген. Кітапхана қоры 1 700 000 данадан асады: оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар, монографиялар, көркем әдебиет үлгілері. Кітапханада сонымен қатар әлемдік көркем әдебиеттің ең бай қоры мен XVIII-XX ғасырдың шет тілдеріндегі сирек басылымдар бар. 

 

Университеттің заманауи және инфрақұрылымы дамыған материалдық-техникалық базасы бар. Оқу үрдісі жалпы ауданы 55 мың ш.м. құрайтын 12 оқу ғимаратында жүргізіледі. Оқу ғимараттарында 27 компьютерлік сынып, 15 лингофонды бөлме, 45 оқу және ғылыми зертханалар, 44 шеберхана, 38 интерактивті сынып бөлмелері бар. Студенттердің белсенді демалысы мен салауатты өмір салты үшін спорттық және жаттығу залдары, футбол алаңы және М. Әуезов атындағы спорт кешені бар. Профилактикалық және шұғыл медициналық көмек көрсетуге арналған денсаулық сақтау пункті бар. Университеттің жалпы ауданы 17 мың ш.м. асатын 5 жайлы жатақханасы бар.

 

Университетте жалпы ауданы 307 ш.м. болатын 2 акт залы (№5 оқу ғимаратында ауданы 118,8 ш.м. және №6 оқу ғимаратында ауданы 188 ш.м.) бар, онда қажетті дыбыс шығаратын аппаратура, бейнеконференциялар және басқа да іс-шараларды онлайн режимінде өткізуге мүмкіндік беретін мультимедиялық жабдық бар.

 

Оқу орнында заманауи полиграфиялық жабдықтармен жабдықталған «Ұлағат» баспасы, сонымен қатар тарихы шежіреге толы және қызықты экспозициясы бар мұражай бар.

 

XXI ғасырдың педагогтарын ең озық әдістемелер мен бағдарламалар негізінде дайындаудамыз! Біздің түлектер бүгінгі студенттердің қарқынды өзгеретін қажеттіліктерін болжауға ​​дайын мамандар.