қазақша · русский · english
 
 
 
 Каймулдинова Күләш Дүйсенбайқызы
Факультет деканы
География ғылымдарының докторы, профессор
Қазыбек би көшесі, 30, 417 кабинет
 +7 (727) 291-47-66
k.kajmuldinova@abaiuniversity.edu.kz

 Жүсіпбекова Нұрсұлу Сарсенқызы
Деканның оқу ісі жөніндегі орынбасары
Химия ғылымдарының кандидаты, аға оқытушысы
Қазыбек би көшесі, 30, 414 кабинет
 +7 (727) 291 64 57, 8-702-516-38-46
nursulusarjus@mail.ru

 Мұздыбаева Қарлығаш Қаманайқызы
Деканның ғылым және халықаралық байланыс қызметі бойынша орынбасары
География ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы
Қазыбек би көшесі, 30, 420 кабинет
 8-701-739-81-35
k.muzdybayeva@abaiuniversity.edu.kz

 Бакиров Серік Бакирұлы
Деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Жаратылыстану ғылымдарының магистрі
Қазыбек би көшесі, 30, 419 кабинет
 8-778-617-71-99
serikbakirov@mail.ru

 

Институт (факультет) тарихы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің алғашқы күнінен, яғни 1928 жылдан басталады. Осы жылдарда институтта алғашқы кафедралар (ботаника, химия, зоология) ашылды. Ал, 1933 жылы еліміздегі басқа жоғары оқу орындары арасында бірінші болып, география мамандығына алғашқы студенттер қабылданды. 1936 жылы бұл бөлім дербес факультет болып қайта құрылды. 1955/1956 жылдары екі факультет Жаратылыстану-география факультеті болып бірікті. 2014 жылы Болон декларациясына сәйкес, алдыңғы қатарлы инновациялық университеттер құрамына ену мақсатында Жаратылыстану және география институты болып қайта құрылды.

 

Институтты елімізге және әлемге танымал ғылым және білім беру ісінің белгілі қайраткерлері бітірген, олардың ішінде академиктер мен академияның корреспондент-мүшелері: Ә.С.Бейсенова, А.И.Сембаев, И.В.Северский, Б.А.Бірімжанов, Л.К.Клышов, А.Б.Бекенов, Р.Е.Елешов, Е.А.Мәмбетқазиев, М.К.Кукенов және басқалары бар. Факультеттің кейбір түлектеріне жоғары мемлекеттік марапаттар берілді: «Кеңес Одағының Батыры» атағын К.Камзин, «Халық Қаһарманы» атағын М.Таипов алды.

 

Бүгінгі таңда Жаратылыстану және география институтында 2189 студент, 234 магистрант және 60 докторанттар білім алады. Институтта 125 профессор-оқытушылар қызмет атқарады. Профессор-оқытушылар құрамының арасында ҚР Ұлттық ғылым академиясының 2 академигі, 17 ғылым докторы, 50 ғылым кандидаты және 13 PhD докторлары бар. Институт оқытушылары арасында «ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегерлері, үздік оқу құралына арналған республикалық конкурстың жеңімпаздары, жалпы білім беретін мектептерге арналған химия және биология, география пәндері оқулықтарының авторлық ұжымдары бар. Институт профессор-оқытушылары жыл сайын қалалық, облыстық және республикалық пән олимпиадаларын ұйымдастырып өткізуге ат салысады, республикалық, Алматы қаласы мен республиканың жалпы білім беретін мектептерімен, Алматы қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектептерімен тығыз байланыста.

 

Институттың жетекші профессор-оқытушылары жаңартылған білім беру мазмұндағы оқулықтар мен оқу құралдарының авторлары, оның ішінде монографиялар, орта және жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар, ағылшын тіліндегі оқулықтар, оқу құралдары, электронды оқулықтар, импакт-факторлы алыс және жақын шетелдегі ғылыми журналдарда, ҚР ҒМБ БҒСБ ұсынған басылымдарда жарияланған мақалалар, авторлық куәліктер мен патенттер бар.

 

Қазіргі таңда институтта белсенді түрде материалдық-техникалық жабдықтау, академиялық ұтқырлықты дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Институт кафедралары ҚР БҒМ жүйесінің жоғары оқу орындары және ғылыми-зерттеу мекемелерімен, ТМД елдері және алыс шетелдер (АҚШ, Ұлыбритания, Германия, РФ, Украина, Беларусь, Литва, Польша, ҚХР, Түркия және т.б.) университеттерімен тығыз байланыс орнатқан.

 

Қазіргі уақытта Жаратылыстану және география институты құрамында 3 Білім беру бағдарламалары топтары бар: «Химия», «Биология» және «География, қоршаған орта және қызмет көрсету». Институтта 27 білім беру бағдарламалары бойынша жоғары білікті мамандар даярлайды және оқытудың барлық формасы бойынша қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Институттың 12 білім беру бағдарламасы Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттіктен халықаралық аккредитациядан өтті. Ұлттық рейтингтерде институттың білім беру бағдарламалары алдыңғы орындарда тұр.

 

Институттың материалдық-техникалық базасы қазіргі заманғы құрал-жабдықтармен, қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі оқулықтармен және оқу-әдістемелік қорымен жабдықталған. Теориялық білім оқу және өндірістік практикалар барысында алатын практикалық дағдылармен толықтырылады.

 

Студенттердің, магистранттардың және докторанттардың тек оқуына ғана емес, ғылыми зерттеулермен шұғылдануына, спортпен айналысуына, треккингтер мен экскурсияларға шығуына, салауатты өмір салтын ұстануына барлық жағдай жасалған.

 

Жаратылыстану және география институты бакалавриат, магистратура және PhD докторантураның білім бағдарламалары бойынша мамандар даярлайды:

 

БАКАЛАВРИАТ

Қ/с

Білім беру бағдарламаларының тобы

Білім беру бағдарламасының атауы

1.

 

В012 - Химия мұғалімдерін даярлау

6В01510-Химия

2.

6В01511-Химия ағылшын тілінде

3.

6В01512-Химия-биология

4.

В053 - Химия

6В05301-Химия (ғылыми)

5.

В013 - Биология мұғалімдерін даярлау

6В01513-Биология

6.

6В01514-Биология ағылшын тілінде

7.

В050 - Биологиялық және сабақтас ғылымдар

6В05101-Биология (ғылыми)

8.

6В05102-Биотехнология

9.

В014 - География мұғалімдерін даярлау

6B01515-География

10.

6B01516 - География-тарих

11.

В052 - Жер туралы ғылым

6B05203-География (ғылыми)

12.

В051 - Қоршаған орта

6B05205-Экология

 

МАГИСТРАТУРА

Қ/с

Шифр

Білім беру бағдарламасының атауы

1.

7М01510

Химия педагогтарын даярлау

2.

7М05301

Химия (ғылыми)

3.

7M01513

Биология педагогтарын даярлау

4.

7M05101

Биология (ғылыми)

5.

7M05102

Биотехнология

6.

7М01515

География педагогтарын даярлау

7.

7М05203

География (ғылыми)

8.

7М05202

Экология

 

ДОКТОРАНТУРА

Қ/с

Шифр

Білім беру бағдарламасының атауы

1

8D01510

Химия педагогтарын даярлау

2

8D05301

Химия (ғылыми)

3

8D01513

Биология педагогтарын даярлау

4

8D05101

Биология (ғылыми)

5

8D01515

География педагогтарын даярлау

6

8D05203

География (ғылыми)

7

8D05202

Экология