МИССИЯСЫ:
XXI ғасырдың ең озық әдістер мен бағдарламалар негізінде білікті мамандар даярлау.
Біз мұғалім мамандығының беделін көтеріп, адами капиталды дамытудың драйвері ретінде әрекет етеміз.
КӨРУ - 2025:
Тарих және құқық институты - жаңа формация кадрларын дайындау орталығы.
Ғылыми және оқу процесін халықаралық стандарттар деңгейінде жүргізу, отандық және әлемдік еңбек нарығында түлектердің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету.
Институт туралы
Тарих және құқық институтының шежіресі 1934 жылы құрылған тарих факультетінен бастау алады. Тарих және құқық институты - бүгінде ел тұғырын биік ұстап, «Мәңгілік ел» идеясындағы қазақ елінің тарихын асқақтататын, бабалар ізінен нәр беретін, батырлық рухының негізінде отансүйгіштікке тәрбиелейтін, ел басқарған хандар мен би-шешендердің тарихи танымын меңгерте отырып, озық мемлекеттің білім көкжиегіне жетелейтін сапалы білім ордасы.
Қазіргі уақытта институт Жамбыл көшесі 25 мекен-жайы бойынша, университеттің №10 оқу ғимаратында орналасқан.
Тарих және құқық институтының құрамына 4 кафедра жұмыс жасайды: - Академик Т.С. Садықов атындағы Қазақстан тарихы кафедрасы;
- Әлем тарихы кафедрасы;
- Құқықтану кафедрасы;
- Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасы.
Институт 3 деңгейде келесі білім бағдарламалары бойынша мамандар даярлайды:
БАКАЛАВРИАТ
|
№ п/п
|
Шифр ББ
|
ББ атауы
|
2022/2023
|
|
|
6В01 Педагогикалық ғылымдар
|
1.
|
6B01406
|
Кәсіпкерлік және құқық негіздері
|
2.
|
6B01601
|
Тарих
|
3.
|
6B01604
|
Тарих-құқық негіздер
|
4.
|
6B01602
|
Тарих-Дінтану
|
5.
|
6B01603
|
Цифрлы тарих
|
6.
|
6B01606
|
Тарих-география
|
6В03 Әлеуметтік ғылымдар
|
7.
|
6B03102
|
Мәдениеттану
|
8.
|
6B03103
|
Әлеуметтану
|
9.
|
6B03104
|
Саясаттану
|
10.
|
6B04202
|
Құқықтану
|
11.
|
6B04201
|
Құқықтану: сот және прокурорлық
|
МАГИСТРАТУРА
№ п/п
|
Шифр ББ
|
ББ атауы
|
7М01 Педагогикалық ғылымдар
|
1.
|
7M01601
|
Сандық тарих: тарих біліміндегі цифрлық технологиялар
|
2.
|
7M01603
|
Тарих: тарих біліміндегі цифрлық технологиялар
|
3.
|
7M01605
|
Тарих: Қазақстанның жаңа және қазіргі Қазақстанның әлеуметтік тарихы
|
4.
|
7M02203
|
Дінтану
|
7М03 Әлеуметтік ғылымдар
|
5.
|
7M03102
|
Мәдениеттану
|
6.
|
7M03103
|
Әлеуметтану
|
7.
|
7M03104
|
Саясаттану
|
8.
|
7M04201
|
Құқықтану
|
9.
|
7M04201
|
Құқықтану (бейінді)
|
ДОКТОРАНТУРА
№ п/п
|
Шифр ББ
|
ББ атауы
|
8D01 Педагогикалық ғылымдар
|
1.
|
8D01601
|
Тарих
|
2.
|
8D01605
|
Қазақстанның жаңа әлеуметтік тарихы
|
8D03 Әлеуметтік ғылымдар
|
3.
|
8D03102
|
Мәдениеттану
|
4.
|
8D03103
|
Әлеуметтану
|
5.
|
8D03104
|
Саясаттану
|
6.
|
8D03110
|
Аймақтану
|
Білім беру бағдарламасын аяқтау нәтижесінде біздің түлектер келесі мекемелерде жұмыс істей алады: - мемлекеттік басқару секторында; - мемлекеттік қызметте (ҚР Білім және ғылым министрлігі жүйесінде); - құқық қорғау органдарында; - ұлттық компанияларда; - ғылыми-зерттеу мекемелерінде; - білім және ғылым саласында, мәдени-ағарту саласында; - жоғарғы және орта білім беру жүйесінде, білім беру саласындағы әкімшілік жұмыстар мекемесінде.
Біздің институтта оқудың артықшылықтары Институт білім берудің барлық деңгейлерінде - бакалавриат, магистратура және докторантурада үздіксіз білім береді. Үздік студенттерге Президенттік стипендия тағайындалады. Студенттер үшін жыл сайын ғылыми-тәжірибелік конференциялар ұйымдастырылады, онда олар ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша өз нәтижелерін баяндауға мүмкіндік алады. Оқушылардың қызығушылықтары бойынша әртүрлі үйірмелер жұмыс істейді.
Оқу процесін ұйымдастыру үшін институт жоғары білікті профессорлық-оқытушылық құраммен қамтамасыз етілген. Қазіргі уақытта институтта 133 оқытушы жұмыс істейді, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының (ҚР ҰҒА) 1 академигі және 2 - ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, 22 ғылым докторы, 47 ғылым кандидаты және 6 PhD докторы, 55 магистр, аға оқытушы, оқытушы. Ғылыми потенциал 59%, орта жас-48.
Тарих және құқық институтының 2020-2025 жылдарға арналған Даму стратегиясы
|