қазақша · русский · english
 
 
 
 Далаева Тенлик Токтарбековна
Ғылыми жоба жетекшісі ЖТН АР08857194
т.ғ.к., доцент, Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университет профессоры
 +7 7474 7910797
t.dalayeva@abaiuniversity.edu.kz, tenliktd@mail.ru

 

 

Зертхананың мақсаты - тарихи сананы жаңғырту міндеттері тұрғысында, сондай-ақ осы мәселені оқу-үрдісіне енгізу бойынша әдістемелік ұсыныстар әзірлеумен ХІХ ғасырдың соңы - ХХІ ғасыр басындағы қазақстандық мәдениеттің визуалды деректерін визуалды баяндау мен субъективтілікке ие болу тәжірибесі бойынша тарихи-антропологиялық зерттеуге арналған онлайн платформасын құру.

 

Зертхана кітапханасын визуалды мазмұны бар қазақстандық мәдени формаларының синергетикалық сипатын көрсететін және олардың қазіргі заманнан бүгінгі күнге дейінгі эволюциясын жан-жақты трансдисциплинарлық зерттеуге мүмкіндігін беретін ақпаратпен толтыру жоспарланып отыр. Әлемдік гуманитарлық ғылымдардағы цифрландыруға байланысты визуалды тұлғаның эволюциясына, субъективтілігіне және семиотикасына баса назар аудара отырып, бейненің трансдисциплинарлық теориялары қалыптасуда. Тарихи-антропологиялық контекстке визуалды енуі көзбен көруді, қабылдаудың мәдени әдістерінің мағынасына көзқарас пен тарихи білімнің бейнелерде қалай жаңғыртылатынын ажыратады. Зертхана аясында біз Қазақстанның Жаңа дәуір мен бүгінгі күннің визуалды мәдениетін тарихи өлшемге енгізуді ұсынамыз.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-да виртуалды форматта көрнекі антропология зертханасын құру келесі міндеттерді тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

 

Міндеттері:

- Материалдарды электронды форматта орналастыру: ғылыми жарияланымдар, визуалды антропологияны зерттеушілерінің онлайн дәрістеріне сілтемелер және олармен байланысты зерттеу тақырыптары; монографиялар мен оқулықтар, зерттеушілердің - тарихшылардың, антропологтардың, әлеуметтанушылардың және басқа да мамандардың pdf форматындағы ғылыми мақалалары; визуалды деректері бар жарияланған альбомдар немесе электронды кітапханалардың, мұражайлардың, ғылыми орталықтардың визуалды деректері жалпыға қолжетімді болатын ресми веб-сайттарына сілтемелер; визуалды тарихи деректермен жұмыс жасау бойынша әдістемелік нұсқаулар: (архив құжаттарының фото көшірмелері, XVIII-XX ғасыр суреттері, XIX-ХХI ғасыр басындағы фотолар, ХХ ғасырдың деректі және көркем фильмдері, телебағдарламалары), жоспарланған іс-шаралар туралы хабарландырулар.                                           

- Визуалды антропология саласында ғылыми-зерттеу құзыреттіліктерін дамыту мақсатында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың профессорлық-оқытушылық құрамының студенттермен өзара әрекеттесуіне ықпал ететін цифрлық құралдар негізінде бакалавриат студенттері, магистрант және докторанттармен ғылыми-зерттеу және оқу-әдістемелік жұмыс жүргізу.

- Зерттеушілер үшін ғылыми конференциялар, семинарлар, тренингтер, ғылыми тағылымдамалар ұйымдастыру.

 

ЖТН AP08857194 «XIX - XXI ғ.ғ. басындағы қазақстандық бейнелердің тарихы мен визуалды антропологиясы: эволюциясы мен субъектінің қалыптасуы»


Жобаның негізгі идеясы - XIX ғасырдың аяғы - ХХІ ғасыр басындағы Қазақстанның визуалды мәдениетін пәнаралық зерттеу. Зерттеу нәтижелері тарихи-мәдени білімнің инновациялық негізін қалыптастыруға және тарихи сананы жаңғыртуға ықпал етеді.

 

Тарихи зерттеулерде көрнекі материалдар көбінесе иллюстрациялық материал ретінде пайдаланылды, әсіресе жаңа және қазіргі кезеңдерде деректің бұл түрі тарихи зерттеулер үшін, визуалды ақпаратты таратудың және сақтаудың кеңейтілген түрлерінің және визуалды тұлғаны кодтау формаларының эволюциясы тұрғысынан тарихи зерттеулер үшін айтарлықтай эвристикалық әлеуетке ие.

 

Жобаның мақсаты - XIX ғасырдың аяғы - ХХІ ғасыр басындағы Қазақстанның визуалды мәдениет көздеріне көрнекі әңгімелер мен субъективтік тәжірибені антропологиялық зерттеу арқылы тарихи сананы жаңғырту міндеттері тұрғысында қарастырылған. Визуалды мазмұны қазақстандық мәдениет формаларының синергетикалық сипатын көрсетеді және олардың Жаңа кезеңнен бастап қазіргі кезеңге дейінгі эволюциясының пәнаралық зерттеулерін жүргізуге мүмкіндік береді.

 

Зерттеу тобының құрамы:

1. Далаева Тенлик Токтарбековна, т.ғ.к., доцент, жоба жетекшісі, БҒҚ

 Scopus Author ID: 57200336223

https://orcid.org/0000-0002-8901-063X

Web of Science Researcher ID AAQ-9900-2020

https://publons.com/researcher/3706308/tenlik-dalayeva

 

2. Султангалиева Гульмира Салимжановна, т.ғ.д.,профессор, БҒҚ

https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=56082407700

Researcher ID: N-7259-2014

Scopus Author ID: 56082407700

http://orcid.org/0000-0002-8875-0572

Web of Science Researcher ID AAQ-7142-2020

https://publons.com/researcher/3059260/gulmira-sultangalieva/

 

3. Абылхожин Жулдузбек Бекмухамедович, т.ғ.д., профессор, БҒҚ

https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=30104994&corr=30104994&status=0&excludeArcBuh=0#pos=1;-8&doclist_pos=0

 

4. Аманжолова (Кисилева) Дина Ахметжановна, т.ғ.д., профессор, БҒҚ

https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=57193693027

Скопус (ORCID) 26033832300

Web of Science Researcher ID D-3100-2013

https://publons.com/researcher/2658368/dina-da-amanzholova/

 

5. Асымова Дария Болатовна, PhD, ЖҒҚ

https://orcid.org/0000-0003-4322-4584

 

6. Крупко Игорь Владимирович, докторант, ҒҚ

https://orcid.org/0000-0002-5349-0256

 

7. Калиева Бекзат Тынысбековна, докторант, ҒҚ

 

Байланыс деректері:

 

Қазақстанның визуалды антропологиясының виртуалды зертханасы 

https://virtualanthropologylab.kz/kz

 

e-mail: Қазақстанның визуалды антропологиясының виртуалды зертханасы - antrovisual.lab@gmail.com

+7 747 791 0797 - Тенлик Токтарбековна Далаева

+7 777 910 9305 - Игорь Владимирович Крупко

 

«Қазақстанның визуалды антропологиясы» YouTube арнасы 

https://www.youtube.com/channel/UCcm_oVaRYFlD_QHRI7ShbrQ

 

101