қазақша · русский · english
 
 
 

 

Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық институты әлемнің жетекші университеттерімен және ғылым мен білімнің әртүрлі халықаралық ғылыми орталықтарымен тығыз байланыста. Шетелдік танымал ғалымдар магистранттарға, докторанттарға және кафедра оқытушыларына дәріс береді, ғылыми кеңесші рөлін атқарады. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша біздің магистранттар мен докторанттар Германия, Литва, Польша және басқа елдерде ғылыми тағылымдамадан өтеді.

 

Институт студенттерінің академиялық ұтқырлығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Кредиттік технология бойынша оқу процесін ұйымдастыру ережелері» және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің студенттер мен оқытушылардың сыртқы академиялық ұтқырлығы туралы бұйрығына сәйкес 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығының 5-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

 

Тарих және құқық институты бүгінде әлемнің алдыңғы қатарлы 24 университеттерімен бірлескен келісімшарт негізінде жұмыс жүргізуде. Олардың ішінде танымал Эрасмус+ және Мевлана бағдарламалары бойынша профессор-оқытушылар тәжірибе алмасуда. Сонымен қатар өзара оқытушы мен білім алушылардың академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша маман алмасу, ғылыми тағылымдамалар жүргізу, бірлескен ғылыми жобалар орындау, бірлескен симпозиум, семинар-конференциялар өткізіп, ұдайы байланыстар жүзеге асуда.

 

Шетелдік серіктестер

 

ЖОО атауы

Мемлекет

1

Айн-Шамс университеті

Египет

2

Мухаммад V университеті

Марокко

3

Хуаншань университеті

Қитай

4

Хуаншань университеті

Иран

5

Жоғары экономика мектебі

Ресей

6

Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті

Ресей

7

Самара мемлекеттік әлеуметтік-педагогикалық университеті

Ресей

8

Ресей Халықтар Достығы Университеті

Ресей

9

А.И.Герцен атындағы ресей педагогикалық университеті

Ресей

10

Лестер университеті

Англия

11

Диозесе Линц Жеке Педагогикалық Университеті

Австрия

12

Адам Мицкеевич атындағы Познань университеті

Польша

13

Слупск қаласындағы Помор академиясы

Польша

14

Таллинн университеті

Эстония

15

Эрзинжан университеті

Түркия

16

Костомону университеті

Түркия

17

Йылдуз техникалық университеті

Түркия

18

Мұғла Сытқы Кочман университеті

Түркия

19

Еге университеті

Түркия

20

Фырат университеті

Түркия

21

Стамбул университеті

Түркия

22

Гази университеті

Түркия

23

Цукуба Университеті

Жапония

24

Хоккайдо университеті

Жапония