қазақша · русский · english
 
 
 

Білім алушыларды ауыстыру, оқудан шығару және қайта қабылдау қағидалары

 

Білім алушыны бір білім беру бағдарламасынан екіншісіне, бір ЖОО-дан екіншісіне ауыстыру және қайта қабылдау жазғы және қысқы демалыс кезеңінде жүзеге асырылады.

 

Білім алушы кез келген ЖОО-ға қайта қабылдау кезінде оқудан шығарылған мерзіміне қарамастан ауыстырылады немесе қайта қабылданады.

 

Егер ЖОО білім алушы жеке оқу жоспарына сәйкес меңгеріп жатқан бағдарламасының бірінші академиялық кезеңін толық аяқтаса, ол оқудан шығарылғаннан кейін ғана ауыстырылады және қайта қабылданады.

 

Білім алушыны ақылы негізден мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға ауыстыру «Білім туралы» Заңның 4-бабының 5) тармақшасына сәйкес бекітілген тәртіппен жүзеге асырылады.

 

Білім беру гранты бойынша білім алатын студент білім беру грантын сақтай отырып, өз қалауынша басқа ЖОО-ға ауысады.

 

Білім алушының ауысуы кезінде қабылдайтын ЖОО даярлау бағытын және білім беру бағдарламасының бейінін, сондай-ақ білім алушының оқу жетістіктерін ескереді.

 

Жекелеген ЖОО-лар үшін бекітілген білім беру гранты бойынша нысаналы орындарға, сондай-ақ бөлінген квота шегінде педагогикалық мамандықтарға түскен студенттер басқа ЖОО-ға тек ақылы негізде ғана ауысады.

 

Студенттерді, магистранттарды, резидентура тыңдаушыларын және докторанттарды басқа ЖОО-дан ұлттық ЖОО-ғa ауыстыру білім алушылардың білім беру грантының құнындағы айырмашылығын қосымша төлеу шартымен жүзеге асырылады.

 

Шығармашылық даярлықты қажет ететін білім беру бағдарламалар тобынан басқа білім беру бағдарламалар тобына білім алушының ауысуы «Білім туралы» Заңының 5-баптың 11) тармақшасына сәйкес бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларының 4-тармағына сәйкес белгіленген өту балынан төмен емес балы бар ұлттық бірыңғай тестілеу сертификатының болған жағдайда жүзезе асырылады.

 

Білім алушы Абай атындағы ҚазҰПУ-нен келесі жағдайларда оқудан шығарылады:

1) академиялық үлгермеушілігі;

2) академиялық адалдық қағидаттарын бұзғаны үшін;

3) ішкі тәртіп қағидалары мен университет жарғысын бұзғаны үшін; Ішкі тәртіп ережелерінің және Абай атындағы ҚазҰПУ Жарғыларының бұзушылығна байланысты (сабаққа маскүнем күйінде немесе спитррік ішімдіктерді ішіп келген жағдайда, университет қабырғаларында құмар ойындар ойнаса, университеттің мүлкіне зиян келтірсе, жатақханада тұру ережелерін бұзса, қоғамға қарсы жүрiс тұрыстар жасаса, ауыр зардраптар тигізетін еңбек қорғау және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаған жағдайда).

4) білім беру қызметтерін көрсету туралы шарттың талаптарын бұзғаны үшін, оның ішінде ақылы негіздегі оқу құнын төлемеген жағдайда;

5) өз еркімен.

 

Білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау туралы ережесі

 

1323
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler