қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
20.06.2016
Академиялық ынтымақтастық шартының аясында 13 мен 18 маусым аралығында Слупск қаласындағы Помор академиясының (Польша) делегациясы Абай атындағы ҚазҰПУ-не келіп қайтты. Сапарды ұйымдастырумен Н.П. Абуева басшылығымен Халықаралық ынтымақтастық басқармасы айналысты. Делегация жаңа тағайындалған академияның ректоры Збигнев Осадовский мен неофилология Институтының профессоры, орыс әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Галина Львовна Нефагина құрамында келді.

08.06.2016
2016 жылдың 7 маусымында превентивті суицидологня және ҚР-ы ЖОО-ы үшін инклюзивті білім беру бойынша ресурстық кенес беру орталығының директоры, Абай атындағы ҚазҰПУ-ң п.ғ.д., профессор З.А. Мовкебаева мен орталық әдіскері Бейсенова А.Б. және мүгедек және мүмкіндігі шектеулі студенттер үшін жоо-ң кеңестік-тәжірибелік орталығының директоры Маженов Б.М. «Арман» кинотеатрында «Быть или не быть?» әлеуметтік фильмінің тұсаукесеріне қатысты.

01.06.2016
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығы, Қазақстан ғылымына еңбек сіңірген қайраткер, Қазақстан жоғары мектебінің еңбек сіңірген қызметкері, педагогика ғылымының докторы, профессор Г.А. Умановтың 85 жылдығына арналған «Қазақстан Республикасының Педагогикалық білімін жүйелі жаңғырту: мәселелері, шешу жолдары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті.

27.05.2016
Назарбаев университетінің тәжірибесін университеттерге тарату аясында, білім, ғылым, қаржы, халықаралық бағыттарына автономдық принціпін енгізу мақсатымен 2016 жылдың 26 мамырында Абай атындағы ҚазҰПУ базасында ҚазҰПУ мен ҚазҚызМемПУ топ-менеджерлеріне (40 адамға) қосымша білім беру департаменті Назарбаев университеті Жоғары мектебінің өкілі Даурен Әбеннің ұйымдастырумен «Жоғары білімді басқару және менеждмент» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.

26.04.2016
2016 ж. 21-22 сәуірде Превентивті суицидология және жоғары оқу орындарында инклюзивті білім берудің ресурстық кеңес беру орталығы базасында Алматы қ. Білім басқармасының Қалалық әдістемелік кабинеті қолдауымен, «ҰБТ-ға психологиялық дайындық - мектеп бітірушілерінің эмоционалдық тұрақтылық кепілі» айлық аясында «Жалпы білім беретін мектеп және колледж оқушыларының күйзеліс тұрақтылығын қалыптастыру» тәжірибелік оқыту семинарды өткізді.

14.04.2016

31.03.2016
ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен еліміздегі тұңғыш жоғары оқу орны, қазақ жоғары білімінің қара шаңырағы - Абай атындағы ҚазҰПУ-де «Қазақ тілі және ұлттық тәрбие» тақырыбында республикалық кеңес болып өтті. Бұл жиынға Республикамыздың 18 Жоғары оқу орындарының, ҚР ұлттық білім беру академиясының, педагогикалық ғылымдар академиясының, ҚР ҰҒА А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының, «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығының, ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтарының ғалымдары, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы облыстары мен Алматы қаласының білім беру басқармаларының өкілдері қатысты.



« басы ... < алдығы ...  177  178  179  180   181  182  183  184  185  ... келесі > ... аяғы »