қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
27.05.2016

Назарбаев университетінің тәжірибесін университеттерге тарату аясында, білім, ғылым, қаржы, халықаралық бағыттарына автономдық принціпін енгізу мақсатымен 2016 жылдың 26 мамырында Абай атындағы ҚазҰПУ базасында ҚазҰПУ мен ҚазҚызМемПУ топ-менеджерлеріне (40 адамға) қосымша білім беру департаменті Назарбаев университеті Жоғары мектебінің өкілі Даурен Әбеннің ұйымдастырумен «Жоғары білімді басқару және менеждмент» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.
Абай атындағы ҚазҰПУ бақылау кеңесінің мүшесі Н.А.Балғымбаева, Алматы қаласының Әкімдігінің ақпаратты-аналитикалық бөлім басшысы К.С. Матыжанов, Алматықаласы Дін істері жөніндегі басқарма басшысы, Алматы қаласы Мәслихатының депутаты және С.К. Абдуллаева, ҚазҚызМемПУ өкілдері, жалпы білім беретін мектептің ұстаздары Р.С.Қырғызбаева, Ш.Уәлиханов атындағы мектептің жоғары категорядағы химия пәні мұғалімдері Р.М.Идралиева, ҚР білім беру саласының құрметті қызметкері, «Алматы агроөнеркәсіп комплексі жұмысшыларының кәсіби одағы» ҚБ төрағасының орынбасарының қатысуымен өтті.
Тренер-Питер Эккель - Пенсеильвания университетінің (АҚШ) тиімді көшбасшылық білім беру жоғары мектебінің жетекшісі.
Тренинг аясында бақылау кеңесінің жұмысы, бағыты, ерекшеліктері, маңызы және бақылау кеңесін басқарудың басты принціптері талқыланып, сондай-ақ жоо басқарудың үздік халықаралық тәжірибелері мысалға келтіріліп жұмыс істеу ерекшеліктері қарастырылды.
Өз сөзінде Питер Эккель Америкадағы жоо бақылау кеңесінің жұмысының тәжірибесіне негізделген жоо-ды бірлесе басқаруға құрылған жүйенің маңыздылығын атап өтті.  
«Бақылау кеңесі мүшелерінің жоо жұмысына араласуынан оның жетістікке жетуі байланысты» - деді Питер Эккель. Сонымен қоса Бақылау кеңесі мен топ-менеджмент мүшелерін таңдағанда олардың құзретіне, дағдыларына баса назар аудару керек, себебі бұл жоо тиімді стратегиясын құрудың тетігі.