қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
14.04.2016

31.03.2016
ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен еліміздегі тұңғыш жоғары оқу орны, қазақ жоғары білімінің қара шаңырағы - Абай атындағы ҚазҰПУ-де «Қазақ тілі және ұлттық тәрбие» тақырыбында республикалық кеңес болып өтті. Бұл жиынға Республикамыздың 18 Жоғары оқу орындарының, ҚР ұлттық білім беру академиясының, педагогикалық ғылымдар академиясының, ҚР ҰҒА А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының, «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығының, ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтарының ғалымдары, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы облыстары мен Алматы қаласының білім беру басқармаларының өкілдері қатысты.

30.03.2016
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультетінде 2016 жылдың 29-31 наурызында«5В060900-География» мамандығы бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті. Республикалық пәндік олимпиаданың қорытынды нәтижесі бойынша жалпы командалық есепте «Хан Тәңірі» командасы І дәрежелі дипломмен, ал жекелей есеп бойынша Қоныс Байрамгүл ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

25.03.2016
2016 жылдың 20 наурызы күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы өтті. Университет жанындағы № 363 сайлау учаскесінде сайлау таңғы сағат 07.00-де мемлекеттік әнұранмен өз жұмысын бастады. Сайлау учаскесінің төрағасы Увалиев Талғат барлық комиссия мүшелерін, байқаушылары мен сенімді өкілдерінің алдында құттықтау сөз сөйлеп, бұл сайлауды ашық және әділетті өтетіндігін тілге тиек етті.

10.03.2016
2016 жылдың 2 наурызы күні Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Тәрбие басқармасы мен Жалпы тіл білімі кафедрасының ұйымдастыруымен «Нар жүгін азаматша арқалаған...» атты мерекелік кеш өтті. Аталған шараға ҚР Еңбек сіңірген әртісі Лидия Кәденова, филология ғылымдарының докторы, профессор Жамал Мәнкеева, Адам ұрпағын өрбіту институтының директоры, биология ғылымдарының докторы Салтанат Байқошқарова, белгілі дизайнер Аида Кауменова, талантты әнші Жазира Байырбекова сынды ғылым, медицина, өнер салаларында қызмет етіп, елміздің өркениетті дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген қазақтың майталман арулары қатысты.

03.03.2016
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде студенттердің әлеуметтік жағдайына ерекше көңіл бөлінуде. Университет ректоры, академик Серік Жайлауұлы Пірәлиев жетім және әлеуметтік жағынан аз қамтылған студенттермен кездесу өткізіп, оларды мазалап жүрген сұрақтарына жауап беріп, 83 аз қамтылған студентке қаржылай көмек көрсеткен еді. Осындай игі іс наурыз айының басында университет проректорларының бастамасымен тағы да жалғасын тапты

01.03.2016
2016 жылдың 25-26 ақпанында Абай атындағы ҚазҰПУ-дегі "Превентивті суицидология және жоғары оқу орындарында инклюзивті білім берудің ресурстық кеңес» Кеңес беру орталығы және "Жігер" мүмкіндігі шектеулі адамдардың жастар ұйымы" қоғамдық бірлестігі (Сорос-Қазақстан қорының қолдауымен) ҚР-ң жоғары оқу орындарындағы инклюзивті білім беру бойынша үйлестірушілер үшін «ҚР-ң ЖОО-да инклюзивті білім беруді психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру» атты алғашқы республикалық оқытушы семинар-тренингін өткізді.



« басы ... < алдығы ...  179  180  181  182   183  184  185  186  187  ... келесі > ... аяғы »