Халықаралық ынтымақтастық |
Абай университетінің негізгі бағыттарының бірі – әлемнің жетекші университеттерімен, ғылыми орталықтарымен және ұйымдарымен халықаралық стратегиялық серіктестік пен желілік өзара әрекеттестікті дамыту.
-Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және шетелдердегі шетелдік мемлекеттердің елшіліктері; -Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан шетелдік мемлекеттердің консулдықтары; -Алматыдағы ЮНЕСКО бюросы; -DAAD ақпараттық орталығы; -Қазақстандағы Erasmus+ ұлттық кеңсесі. Абай университетіндегі халықаралық жобалар: Білімді интернационализациялау белсенді түрде халықаралық бірлескен жобалар арқылы дамып келеді: 1) Erasmus+ (2023-2026) 2) Американдық Кеңестер 3) ЮНЕСКО. және Окаяма Университеті 4) АҚШ- ҚАЗАҚСТАН Университеттер серіктестік бағдарламасы: «Мұғалімдерді нақты деректер мен ұйымдастыру мәдениеті негізінде даярлау» 5) “Eurasia Foundation” (Азиядан) жобасы 6) DAAD білім интернационализациясы жобасы FAU Erlangen-Nürnberg (Германия) университетімен 7) Әлемдік банк халықаралық жобасы: «Педагогикалық білім беруді күшейту» ХАМЕ қолданбалы ғылымдар университетімен бірлесіп (Финляндия) 8) EU/UNESCO жобасы: «Ауғанстанда, Орталық Азияда және Иранда Жібек жолының мұра коридорлары» 9) VIII Халықаралық Қазақстан-Франция жоғары оқу орындарының форумы
Халықаралық ғылыми-мәдени орталықтар Халықаралық қызметтің тағы бір бағыты – шетелде Абай атындағы халықаралық ғылыми-мәдени орталықтардың болуы. Осылайша, университет Қытайда, Түркияда, Ресейде және Польшада төрт халықаралық білім беру орталығын ашты. Бұл орталықтардың миссиясы – Абай Құнанбаевтың мұрасын насихаттау, түрлі семинарлар өткізу, Қазақстанның елтану, мәдениет және тарихы бойынша сабақтар жүргізу.
Абaй атындағы орталықтардың қызметі халықаралық ғылыми-білім беру кеңістігіне интеграциялануға, тығыз ғылыми-білім беру ынтымақтастығын дамытуға, имидждік саясатты іске асыруға және Абай университетін шетелде насихаттауға ықпал етеді.
|