қазақша · русский · english
 
 
 
04.12.2019

Жер қатынастары саласында ғылыми семинар 

 

2019 жылдың 29 қарашасында сағ. 12-00 де 601-аудиторияда Абай атындағы ҚазҰПУ-дің «Құқықтану» кафедрасы мүшелерінің ұйымдастыруымен «Жер қатынастары саласындағы өзекті мәселелер» атты ғылыми семинар өткізілді. Ғылыми семинарда «Bazarbek&Partners» ЖШС Заң компаниясының директоры Бақытжан Базарбек, «Ғибрат» көпбалалы аналар қоғамдық ұйымының заңды өкілдері Бағира Үсен мен Аманкүл Балқыбекова, «Құқықтану» мамандығының 4-курс студенті Ербол Қажиомар баяндама жасады.

 

Ғылыми семинар соңында «Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі Бөрібаев Ермек Әбілтайұлы Қазақстан Республикасы жер заңнамасының өзекті тұстарына тұжырымдама жасап, қорытындылады.

 

 

   

 

   




Кері оралу