қазақша · русский · english
 
 
 
07.06.2019

Мемлекеттік рәміздер - елдігімнің белгісі

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Тарих және құқық институтында 5 маусым - Мемлекеттік рәміздер күніне байланысты «Мемлекеттік рәміздер - елдігімнің белгісі» тақырыбында іс-шара өткізілді.

 

Тарих және құқық институтының директоры Болат Жұмағұлов институт оқытушыларын және студенттер мен магистранттарды айтулы мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Сондай-ақ, Мемлекеттік рәміздердің қадір-қасиетін арттыруға, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуге бағытталған жұмыстардың ешқашан құны төмендемеуі қажеттігін баса айтты.

 

Тарих және құқық институты кафедраларының меңгерушілері Еркін Ермұқанов, Бауыржан Жангуттин, Жомарт Симтиков, Ермек Бурибаев және құқықтану кафедрасының оқытушысы Бахытжан Толеубекова еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізу тарихында, қазақ төрінде төл рәміздеріміздің дүниеге келгендігі жөнінде тоқталып, іс-шараға қатысқан барлық қатысушыларды мерекемен құттықтады.

 

Мерекелік жиын соңында «5B011400 - Тарих» мамандығының 2-ші курс студенті Надира Досатова жастар атынан сөз сөйлеп, ізгі ниетін жеткізді. Тұңғыш Президентіміз - Елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқандай, «Өз мемлекетіміз үшін мақтаныш сезіміне бөленіп, біртұтас отбасы сезімін сезінуге, қазір бүкіл дүниежүзі білетін Республикамыздың Туын, Елтаңбасын, Әнұранын ардақтап, құрметтеуге тиіспіз».

 

   

 

   

 

   

 

Тарих және құқық институты




Кері оралу