қазақша · русский · english
 
 
 
05.04.2019

Өндірістік-педагогикалық іс-тәжірибенің қорытындысы бойынша конференция

 

2019 жылдың 3 сәуірінде Тарих және құқық институтында «Әлем тарихы» кафедрасының ұйымдастыруымен «5В011400 - Тарих», «5В011500 - Экономика және құқық негіздері», «5В020300 - Тарих» және «5В013000 - Тарих - дінтану» мамандықтарының 4 курс студенттеріне арналған педагогикалық өндірістік іс-тәжірибенің қорытындысы бойынша конференция өтті.

 

Конференцияны «Әлем тарихы» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к. доцент Еркін Ермуханов ашты. Кафедра меңгерушісі өндірістік-педагогикалық іс-тәжірибенің студенттер үшін маңызды екенін айтып, студенттерді өндірістік-педагогикалық іс-тәжірибені сәтті аяқтағандарымен құттықтады.

 

Қорытынды конференцияда студенттер өздерінің іс-тәжірибе барысында жасаған жұмыстарына есеп берді. «5В013000 - Тарих - Дінтану» мамандығының 4 курс студенті Арман Жақсылық «Ғұн тайпасы» тақырыбында, «5В011400 - Тарих» - мамандығының 4 курс студенттері Әлібек Рамазан «Александр Македонскийдің өмірбаяны»,Еламан Курбанов «Общественное и политическое устройство государств послемонгольского периода» тақырыптары бойынша іс-тәжірибені өту барысында сынақ және ашық сабақтарынан жинақтаған іс-тәжірбиелерімен бөлісіп, жұмыстарын слайд-шоу арқылы көрсетті.

 

Өндірістік іс-тәжірибе студенттердің мектеп мұғалімінің қызметімен толықтай танысуына, олардың өз болашақ мамандықтарына деген қызығушылықтарының арта түсуіне, әрі бұл мамандықтың қаншалықты жауапты мамандық екендігіне көз жеткізуіне мүмкіндік берді.

 

Институт бойынша педагогикалық практикаға жауапты әдіскер, т.ғ.к., профессор Жұмахан Нұрманбетқызы өндірістік-педагогикалық іс-тәжірибенің есебіне байланысты конференция жұмысын қорытындылап, студенттерді іс-тәжірбиені сәтті аяқтағандарымен құттықтап, оларға алдағы болашақ кәсіби қызметте сәттілік тіледі.

 

   

 

   

 

   

 




Кері оралу