қазақша · русский · english
 
 
 
02.04.2019

Олимпиада женімпаздары - «БІЛГЕ» тарихшылар командасы

 

2019 жылдың 28-29 наурызында Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінде «5В011400-Тарих» мамандығы бойынша XI республикалық студенттер олимпиадасы өтті. Олимпиадаға республиканың жоғарғы оқу орындарында аталған мамандықта білім алушылардан 21 команда қатысып, бес тур бойынша сайысқа түсті.

 

Осы сайыста өзінің жоғары интеллектуалдық деңгейін көрсеткен Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Тарих және құқық институтының «Білге» командасы жүлделі екінші орынды иеленді.

 

«Білге» командасындағы студенттер Арайлым Тілепбергенова, Данияр Құдайбергенов, Нұрдәулет Жүсіпке 2-ші дәрежелі дипломмен қатар, сертификаттар табыс етілді. «5В011400-Тарих» мамандығы бойынша XI Республикалық студенттердің пәндік олимпиадасына команда мүшелерін жоғары деңгейде дайындағаны үшін ғылыми жетекші «Әлем тарихы» кафедрасының меңгерушісі, доцент Еркін Ермұханов Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің алғыс хатымен марапатталды.

 

   

 

   

 

   

 

 

 

 

 




Кері оралу