қазақша · русский · english
 
 
 
12.02.2019

Абай атындағы ҚазҰПУ-да ардагер-ұстаздармен кездесу өтті

 

8 ақпанда Тарих және құқық институтында университетіміздің «Рухани жаңғыру» бағдарламасының концептуалды негіздерін іске асыру бойынша 2018-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында «Ұшқан ұяға тағзым» ардагер-ұстаздармен салтанатты кездесу өткізілді.


Кездесуге тарих және құқық инстиуттында ұзақ жылдар қызмет еткен ардагер-ұстаздар және білім алушылар қатысты.

 

Кездесудің негізгі мақсаты - халықаралық білім, ғылым мен мәдениет орталығы ретінде Абай атындағы ҚазҰПУ-ды дамытуға атсалысу, оның халықаралық білім беру кеңестігіндегі рөлі, мәртебесі мен рейтингісін арттыру, тың ойлар, тұжырымды мәселелер ұсыну болды.

 

Кездесуді институттың директоры Болат Жұмағұлов Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 90 жылдық мерейтойы және бүгінгі күн талабына сай «Тарих және құқық институтының педагог мамандар дайындаудағы міндеттері» тақырыбындағы баяндамасы тыңдалды. Ардагер-ұстаздардың оқу ордасымен байланысы тақырыпта университет ардагерлерінің төрағасы Жұмаділ Шілдебай, институт профессорлары Ханзада Сутеева, Мереке Тулекова т.б. сөз сөйлеп тақырып бойынша ардагер - ұстаздармен пікір алысты.

 

Ардагер-ұстаздармен кездесуде институттың биылғы бітіруші түлектері пікір алмасып, аға ұрпақ ұстаздарының қасиетті ізгі тілектеріне ақ жүректен шынайы қол соқты.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу