
Тарих және құқық факультеті |
29.11.2025
ҚазҰПУ докторанттары тарихи мұраға арналған халықаралық ғылыми алаңда баяндама жасады
2025 жылғы 28 қарашада Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Тарих және құқық факультетінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялыларының көрнекті өкілі, мемлекет және қоғам қайраткері Смағұл Сәдуақасовтың туғанына 125 жыл толуына арналған «Смағұл Сәдуақасов: уақыт және мұра» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференция жұмысы пленарлық мәжіліс пен төрт секция аясында ұйымдастырылды.
Іс-шараға Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры, тарих ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі Ғабит Қапезұлы Кенжебаевтың докторанттары — Тұрлыбай Бақыт Серікқызы, Құндызбай Диана Қуантайқызы, Берікболова Айзада Жанботақызы қатысып, өз ғылыми баяндамаларын ұсынды. Атап айтқанда, 8D01605 – Тарих педагогтерін даярлау білім беру бағдарламасының 3-курс докторанты Тұрлыбай Бақыт Серікқызы III секцияда «ХХ ғасыр басындағы мерзімді баспасөз мәселесі және С. Сәдуақасовтың мемлекеттік тіл мен ағарту мәселесіне көзқарастары» тақырыбында баяндама жасады. https://youtube.com/shorts/ePIOddZdDMI? si=DSs5TjVTz0_nu1VY
IV секцияда 8D01601 – Тарих педагогтерін даярлау бағдарламасының 3-курс докторанты Құндызбай Диана Қуантайқызы «Қазақстандағы ХХ ғасырдың 20–30 жылдарындағы босқыншылық құбылысы: постколониялық талдау контексінде» атты ғылыми зерттеуін таныстырды.
8D02202 – Тарих білім беру бағдарламасының 1-курс докторанты Берікболова Айзада Жанботақызы «Ақмола мен Семей облыстарындағы мәдениет және оқу-ағарту саласындағы меценаттық қызметтің түрлері (ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басы)» тақырыбында баяндамасын оқыды.
Конференция жұмысына Қазақстаннан, сондай-ақ алыс және жақын шетелдерден келген тарихшы ғалымдар қатысып, Смағұл Сәдуақасовтың қоғамдық-саяси және рухани мұрасы туралы өзекті пікірлер мен тың деректермен бөлісті.
Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|