қазақша · русский · english
 
 
 
05.11.2025

Қазақ рухының бір тармағы - ұлттық  мұражайға түркмендік студенттермен саяхат


Әлемнің қай мемлекетіне саяхатшы болып, не болмаса іс сапармен барсаң да, Сізге бірінші ұсынатын кеңесі -қай жерде қандай мұражай бар екендігі туралы. Мұражай адам өмірінің рухани қазынасы, тарихы, мәдениеті, асыл мұрасы болып табылады. Түркі жұртынан тараған бізге бауырлас, Тарих және құқық факультетінің 2-ші курсында оқитын түркменстандық студенттермен бірге қараша айының 5-де 2025 жылы Қазақстан республикасының орталық мемлекеттік мұражайына бардық. Мұражайдағы сонау тас дәуірінен бастап, бүгінгі күнге дейінгі жәдігерлерді көріп, тарихын біліп қайтқан студенттер өздерінің алған әсерлерін желіден жарыса жеткізіп отырды. Студенттер әр кезең бойынша қазақ этносының тұрмысын, шаруашылығын, мәдениетін, тарихын көріп өз елінің рухани құндылықтарымен салыстырды. Ерекшеліктері мен ұқсастықтарын байқады. Трансформацияға негізделген саяхат болды.

 





  alt=   


    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




Кері оралу