қазақша · русский · english
 
 
 
08.12.2017

Студенттердің интеллектуалды олимпиадаға қатысуы


2017 жылдың 5 желтоқсан күні Алматы университеттінде Алаштың 100 жылдығына орай «Ұлы тұлғаларға тағзым» атты тақырыпта тарихшы емес мамандықтар бойынша интеллектуалды олимпиада өтті.

Олимпиаданың басты мақсаты студенттердің тарихтан алған білім саласы бойынша интеллектуалдық, логикалық ойлау шеберліктерін арттырып, жүйріктік, тапқырлық қасиеттері тұрғысынан дағдыларын шыңдау.

Интелектуалды олимпиадаға Университетіміздің атынанТарих және құқық инстиутының Әлем тарихы кафедрасы жанындағы студенттердің ғылыми үйірмесінен «Жерұйық» тобының мүшелері Алема Калиева, Мұратбек Нұрбай, Айжан Иманқұл қатысты. «Жерұйық» тобы жарыс қорытындысы бойынша III-орынды иеленді.Аталмыш топтың ғылыми жетекшілері профессор Мереке Тулекова, аға оқытушы Айнұр Шорманова.

Іс-шара соңында жүлделі орындарға ие болған командалар мараппатталып, қатысушыларға алғыс хаттар және естелік сыйлықтар табыс етілді.

 

  

 

    

 

    

 

 

Тарих және құқық инстиуты

 




Кері оралу