қазақша · русский · english
 
 
 
01.04.2024

Америка Құрама Штатындағы Мичиган мемлекеттік университетінде өткен іссапар нәтижесі

 

​Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық институтының дүниежүзілік тарих кафедрасының оқытушысы Таспулатова Қалдыгүл 2024 жылғы 17-23 наурыз аралығында Мичиган мемлекеттік университетінде (АҚШ) болды. Іссапар шығыны университет тарапынан төленді.

 

Әлемдегі үздік ондыққа кіретін шетелдік университетке барудың басты мақсаты - педагогика және көшбасшылық курстарына қатысу, жаңа білім алу, зерттеу, озық тәжірибе, білім беруді басқару және жалпы білім беру саласындағы технологиялар тәжірибесімен алмасу болды. Университет Мичиган штатының шығыс Лансинг қаласында орналасқан. Қазіргі уақытта мұнда 65000 студент оқиды. Университетте 200-ге жуық академиялық бағдарлама бар.

 

Таспулатова Қалдыгүл дәрістер тыңдап, Мичиган университетінің профессорлары мен PhD докторларының практикалық сабақтарына қатысты. Профессор Майкл Риптің, PhD докторлары Сяоцин Ченнің, Джулия Синклердің, Паула Винкенің, Лорелай Блэкбумның дәрістерін атап өткен жөн. Сапар нәтижесінде «білім беруді басқару, педагогика және көшбасшылық» курсын аяқтағаны үшін Таспулатова Қалдыгүл халықаралық кәсіби сапарлар, халықаралық зерттеулер және бағдарламалар бөлімінің директоры Синьу Ву мен оның орынбасары Сяоцин Ченнің қолынан сертификат алды.

 

 

 

  alt=  

 

  alt=  

 




Кері оралу