қазақша · русский · english
 
 
 
16.09.2022

Қожа Ахмет Яссауидің түркі әлеміндегі орыны

 

2022 жылдың 16 қыркүйегінде Тарих және құқық институты Әлем тарихы кафедрасында Қожа Ахмет Иссауидің мұрасын зерделеу және дәріптеу мақсатында «Қожа Ахмет Иссауидің түркі әлеміндегі орыны» тақырыбында дөгелек үстел өтті.


Дөңгелек үстелге Әлем тарихы кафедрасының профессор-оқтушылар құрамы мен студенттері қатысты. Спикерлер т.ғ.д профессор Айткүл Махаева («Қожа Ахмет Иссауи дәуірі») және Дидар Мамырбаев («Қожа Ахмет Иссауи түркі жұртының ұстазы») баяндама жасады. Ал, студенттерден 4 курс «6В01602-Тарих-Дінтану» мамандығынан Гауһар Шохай «Иссауи ілімін танудың шарттары», Жанерке Әшім «Сопылықтың негізгі бағыттары» тақырыбында, 3 курс «6В02209-Тарих-География» мамандығынан Дархан Беркінбай «Ар түзеу ілімі» тақырыбында баяндама жасады.


Дөңгелек үстелде арнайы спикерлердің баяндамалары талқыланып, Түркі әлемінің рухани ұстазы Ахмет Иассаудің ілімін проессор-оқытушылар мен студенттер жан-жақты зерделеді. Аталған іс-шара нәтижелі аяқталды.

 

  alt=  




Кері оралу