қазақша · русский · english
 
 
 
14.09.2022

Қожа Ахмет Яссауи мұрасын зерттеу және насихаттау


2022 жылдың 13 қыркүйегінде Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық институтының саясаттану және әлеуметтік - философиялық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен мұсылман әлеміне әйгілі сопылық әдебиетттің ірі өкілі кемеңгер, ойшыл, ақын «Қожа Ахмет Яссауидің мұрасын зерделеу және дәріптеу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Тарих және құқық институтының директоры Ғ.Кенжебаев және саясаттану және әлеуметтік - философиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі Ж.Симтиков кіріспе сөзбен ашты.


Қожа Ахмет Яссауидың елеулі асыл мұрасы туралы құндылықтар туралы баяндамашылар: ф.ғ.д профессор С.Нұрмұратов, ф.ғ.д С.Омаров, ф.ғ.д Д.Кусайнов, ф.ғ. магистр А.Мейрманов діни философиялық, хикмет өлеңдері әділеттілікке, жақсылыққа шақырған сезімдері туралы баяндап берді.


Іс-шараға институттың оқытушылары мен білім алушылары қатысып, пікір алмасылды.

 

  alt= 

  alt= 

 




Кері оралу