қазақша · русский · english
 
 
 
03.05.2022

Тарих пәні мұғалімдерінің аудандық съезі өтті

 

2022 жылғы 30 сәуірде Іле ауданының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұймдастыруымен «Мектептегі тарих пәні: тың тұжырымдама, заманауи көзқарас» тақырыбында аудандық тарих пәні мұғалімдерінің съезі өтті.

 

ЖОО ғалымдары, Іле ауданының жалпы орта білім беру ұйымдарының тарих пәні мұғалімдері қатысқан іс-шара барысында, мектепте тарих пәнін оқытудың өзекті мәселелері талқыланды.

 

Осы съезде Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық институтының Әлем тарихы кафедрасы мен «Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі арасындағы Ынтымақтастық меморандумы аясында, Әлем тарихы кафедрасының меңгерушісі, PhD К.М. Рүстем «Тарих пәні мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін арттыру: проблемалары мен жолдары» тақырыбында баяндама жасап, университет пен жалпы орта білім беру мекемелеріндегі кәсіби біліктілік мәселесіне қатысты қойылған сұрақтарға жауап берді.

 

  alt=  




Кері оралу