қазақша · русский · english
 
 
 
24.03.2022

Маңызды меморандум жасалды

 

2022 жылдың 17-18 наурыз күндері Тарих және құқық институтының өкілдері Жамбыл обылысы, Тараз қаласына іс-сапармен барып қайтты. Сапар барысында «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы атынан, Басқарма төрағасы - ректор Д.Н.Біләлов және екінші тараптан «Жамбыл облысы әкімдігінің Білім басқармасы» комуналдық мемлекеттік мекемесі атынан, Б.Т.Жаманкозов арасында университетіміздің студенттері мен түлектерінде мансаптық дағды қалыптастыруға, студенттер мен магистранттардың практикадан өтуі мен жұмысқа орналасуына көмек беру мақсатында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.

 

Меморандум аясында ынтымақтастықты дамыту бойынша - мақсатты әлеуметтік маңызы бар жобалар мен іс-шараларды бірлесіп ұйымдастыру, жалпы және қосымша білім берудің құрылымы мен мазмұнын жетілдіруді ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету, бірлескен инновациялық жобаларды дайындау, өткізу және т.б. бірқатар өзара ықпалдастықтың бірқатар формалары қарастырылды.

 

Кездесу барысында Жамбыл облысы әкімдігінің Білім басқармасы тарапынан қазіргі таңда облыс аймағындағы, аудандар маңайындағы шағын қамтылған мектептер мәселелері қозғалып, алдағы уақытта университеттің бітіруші түлектерімен кездесу өткізіп, аталған мәселе бойынша бірлесіп жұмыстар атқаруға шақырды.

 

Сонымен қатар, Тараз шаһарына сапарымыздың тағы бір мақсаты - «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы атынан Басқарма төрағасы - ректор Дархан Біләлов және М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің атынан Басқарма төрағасы - ректор Талғат Ешенқұлов арасында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, ғылым мен мәдениет аясында өзара тиімді ынтымақтастықты орнату, оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелілігін арттыру үшін меморандумды жасалды. Жасалған меморандум мақсаты - екі университет арасында тиімді қатынастарды нығайту, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, ғылым мен мәдениет, ғылыми-зерттеу саласы аясында ынтымақтастықты дамыту болып табылады.

 

Кездесу барысында Абай атындағы ҚазҰПУ мен М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті арасындағы әлеуеметтік маңызы бар жобалар мен іс-шараларды бірлесіп ұйымдастыру, бірлескен инновациялық жобаларды дайындау туралы ғылыми мәселелері назарға алынды. Кездесу соңы университеттің ішіндегі мұражай жәдігерлерімен танысумен ұласты.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   




Кері оралу