қазақша · русский · english
 
 
 
15.03.2022

Мектептің ғылыми жобаларын дайындау және «Антиплагиат» жүйесінде жұмыс жасау бойынша әдістемелік нұсқаулар

 

Жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдерімен әдістемелік жұмыс Дүние жүзі тарихы кафедрасы жұмысының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Бүгін 2022 жылғы 14 наурызда Әлем тарихы кафедрасының оқытушылары Дайрабаева А.Е. және Шорманова А.К. Жамбыл облысы, Қордай ауданы, №14 А.Нүсіпбаев атындағы орта мектеп ұжымымен «Мектептің ғылыми жобаларын дайындау және «Антиплагиат» жүйесіндегі жұмыс бойынша әдістемелік нұсқаулықтар» тақырыбында вебинар өткізді. Мектеп директоры Самакова Г.Б. мектеп мұғалімдері мен ғылыми үйірме жетекшілерінің қатысуын ұйымдастырды.

Кездесудің негізгі мақсаты - мектепте ғылыми үйірмелер қалай жұмыс істейтінін және мектеп оқушыларының ғылыми жоба жарыстарына қатысуының нәтижесі қандай екенін анықтау. Мектеп директоры Самакова Г.Б. бастауыш сынып мұғалімдерінің жақсы дайындығын атап өтті, олардың кейбірі облыстық «Дарын» конкурсында жақсы нәтижелерге қол жеткізген.

 

Кафедра оқытушысы Шорманова А.К. іс-шараға қатысушыларды мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу және ғылыми жоба жұмыстарын жазу әдістемесімен таныстырып қана қоймай, сонымен қатар қазіргі заманғы ғылымда тақырыптарды ұсынды, вебинарға қатысушылардың назарын оқушылар мен ғылыми жетекшілердің жіберген қателерге назар аударды және ұсынылатын әдістемелік әдебиеттермен жұмысты қалай іске асыру керектігіне тоқталып өтті. Бүгінгі таңда ғылыми еңбектердегі заңсыз біреудің еңбегін пайдалану өте өткір күйінде қалып отыр. Сондықтан мектеп оқушыларының ғылыми жобаларының мәтіндерін алдын ала тексеру, жоғары оқу орындарының жұмысының стандартына сәкес болуы тиіс. Вебинар барысында п.ғ.к., доцент Дайрабаева А.Е. мұғалімдер мен мектеп әкімшілігін ғылыми жобалардың түпнұсқалығын бағалаудың ең танымал құралдарының бірі - антиплагиат жүйесімен мәтінді тексеру, анықтау және ғылыми жоба жазуда қалай қолдану керектігімен таныстырды.

 

Сонымен қатар, ұстаздар окушылармен тілдесіп, педагогикалық университетке оқуға қабылдау және білім алу ерекшеліктерімен таныстырды. Жиын барысында шебер ұстаздар болашақ ұстаздармен тәжірибе алмасатын іс-шаралар кешенін өткізу туралы шешім қабылданды. Өз кезегінде университет ғалымдары ұстаздармен бірге тарих саласында бірлескен зерттеулер жүргізуге дайын екендігін айтып өтті.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу