қазақша · русский · english
 
 
 
14.03.2022

Қазақстандық патриотизмді нығайтудағы ұлттық тәрбиенің рөлі

 

2022 жылдың 11 наурызында Тарих және құқық институты, Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының 2 курс докторанттарының ұйымдастыруымен «Қазақстандық патриотизмді нығайтудағы ұлттық тәрбиенің рөлі» атты дөңгелек үстел өтті.

 

Модератор докторант Б.Ш.Шоманов дөңгелек үстелдің өту мақсатымен таныстырды. Шараның басты мақсаты қазіргі жастардың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті ояту, қазақстандық патриотизмді нығайту және рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру екені айтылды. Тақырыптың өзектілігіне қарай бейнебаяндық мәліметтер көрсетілді.

 

Алғы сөз бастамасын кафедра меңгершісі, профессор Ж.Қ.Симтиков бастап тақырыптың өзектілігін арттыра түсті. ҚР ҰҚК Терроризмге қарсы дайындық орталығының қызметкері М.Т.Шоинжанова «Ұлттық тәрбие, ұлт қауіпсіздігінің кепілі ретінде» атты баяндамасын оқыды. Кафедра ұжымынан философия ғылымдарының докторы, профессор Д.Кусаинов және аға оқытушысы М.Е.Тасыбекова білім алушы жастарға қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрінің ел болып қалыптасудағы өзекті пікірлерін білдірді. Докторанттар А.Т.Садырова «Ұлттық тәрбие беру патриотизм мен ұлттық рухты қалыптастырудың іргетасы ретінде», Г.А.Абдуразакова «Қазіргі Қазақстан қоғамындағы жастар патриотизмнің ерекшеліктері» атты баяндамаларын таныстырып, пікір алмасты. Қоғамыздағы жастарға ұлтық менталитеттің ерекшелігін түсіндіру арқылы адами құндылықтарға баулу мәселелері сөз болды. Ғасыр дертіне айналған экстремизм мен терроризмнің профилактикасындағы ұлттық тәрбиенің доминанттылығын дәріптеу атап өтілді.

 

Дөңгелек үстелге кафедра оқытушылары мен жас ғалымдар қатысып, өзара пікір алмасты.

 

   

 

   




Кері оралу