қазақша · русский · english
 
 
 
04.03.2022

Ұлттық академиялық кітапханасының Электрондық ресурстар басқармасының қызметкерлерімен кездесу


Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық институты Т.С. Садықов атындағы «Қазақстан тарихы» кафедрасының оқытушылары Ж.Кусаинова, С.Тулбасиева, Б.Утеулиева Р.Айткалиева өздерінің студенттерімен және Нұрсұлтан қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының қызметкерлерімен бірлесіп, ZOOM платформасы арқылы онлайн режимде мәдени іс-шара өткізді.


ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының Электрондық ресурстарды басқару қызметінің мамандары Гүлшат Ратова мен Байыр Абай студенттерге кітапхананың құрылу тарихымен таныстырып, қажетті кітап ресурстарын тіркеу және тапсырыс беру жолдарын нақты түсіндірді. Күнделікті кітапхана ресурстарын пайдаланатын онлайн оқырмандар саны 2000 адамға жететіні айтылды.

 

   




Кері оралу