қазақша · русский · english
 
 
 
11.02.2022

Профессор Х.А.Сутеева біліктілікті арттыру курсында дәрістер оқыды


Абай атындағы ҚазҰПУ біліктілікті арттыру және қашықтықтан білім беру орталығының біліктілікті арттыру курстарының 2021-22 оқу жылына арналған жоспарына сәйкес, Тарих және құқық инситуты Әлем тарихы кафедрасының профессоры Х.А.Сутеева 2022 жылдың 31 қантары мен 10 ақпаны аралығында, онлайн «1917 жылғы революцияға дейінгі Қазақстан тарихының орыс тарихнамасы: негізгі тұжырымдамалары мен идеогемалары» тақырыбында оқытушылардың, доктораннтардың қатысуымен біліктілікті арттыру курсында дәріс оқыды.

 

Курс барысында лектор бұл мәселенің қазіргі таңдағы өзектілігін, отандық тарихнамада жан-жақты зерттеуді қажет ету керектігін дәлелдеп берді. 1730-1917 жж. орыс тарихи ойында Қазақстан тарихына қатысты зерттелген барлық мәселелер, орыс тарихнамасының оларды зерттеудегі қол жеткізген жетістіктері мен кемшіліктері жан-жақты ашылып, орыс тарихнамасының қазақ жерлерін жаулап алуы мен отарлауына қатысты теориялары мен концепцияларының еуропацентристік, ұлыдержавалық мәні көрсетілді.

 

   

 

   




Кері оралу