қазақша · русский · english
 
 
 
13.12.2021

«Даланың дара ұстазы» семинары

 

2021 жылдың 10 желтоқсанында белгілі қазақ педагогы және ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай «Ұлы Даланың ұлы есімдері» жобасы аясында және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Даланың дара ұстазы» тақырыбында семинар өткізілді. Іс-шараны тарих және құқық институтының академик Т.С.Садықов атындағы Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы А. У. Абдыкалыкова ұйымдастырды.

 

Студенттер Ы.Алтынсариннің өмірі мен қызметі туралы, оның педагогикалық еңбектері туралы баяндамалар жасады. Семинарға профессор-оқытушылар құрамы және 100-ге жуық студент қатысты.

 

   

 

   




Кері оралу